Қазақстан-Британ серіктестігі жөніндегі жұмыс тобының мәжілісі

размер шрифта: Aa | Aa
06.03.2017 18:16

Қазақстан-Британ серіктестігі жөніндегі жұмыс тобының мәжілісі

3-наурызда KAZENERGY қауымдастығының алаңында KAZENERGY қауымдастығы, «PSA» ЖШС және Ұлыбритания Халықаралық сауда-саттық департаменті (DIT) арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жұмыс істейтін  Қазақстан-Британ серіктестігі жөніндегі жұмыс тобының мәжілісі өтті.

 «PSA» ЖШС басқарушы директоры Айбек Қырамбаев, KAZENERGY  қауымдастығы Төрағасының кеңесшісі Арман Сатимов  және DIT Аймақтық менеджері Стивен Смит мәжілісті ашып, құттықтау сөз сөйледі және  DIT және мәжіліске қатысып отырған мұнай-газ операторлары - «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» («КПО»), «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» («NCOC»)  және  «Теңізшевройл» («ТШО») ЖШС-мен бірге ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға шақырды.

DIT өкілі, мұнай-газ секторы бойынша маман Сью Уитборд  қазақстандық компаниялармен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірген, қазақстандық мұнай-газ операторларының ірі жобаларында жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуді жоспарлап отырған  19 британдық салалық компания құрамына кіретін Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы алдын ала ұзақ мерзімді серіктестік бағдарламасын таныстырды.

Таныстырылған DIT бағдарламасына жауап ретінде  «КПО», «NCOC»  мен  «ТШО» өкілдері мәжіліске қатысушыларға  шетелдік инвесторлармен бірге құрылған қазақстандық бірлескен кәсіпорындар туралы, сонымен қатар Қазақстан-Британ серіктестігінің басым салалары және әлеуетті нарығы туралы әңгімелеп берді. Оған қоса  баяндамашылар мұнай-газ компанияларының іске асырылатын  жобаларының  қажеттіліктерін, DIT-пен әрекеттестікті нығайту жолдарын және олардың серіктестік бағдарламасына қатысуын талқылауға ұсынды.

Мәжіліске қатысушылар 2013 жылы «Shell Kazakhstan» компаниясы әзірлеген Жол картасына сүйене отырып   Қазақстан-Британ мұнай-газ технологиялық әрекеттестігін құру мүмкіндігін қарастырды. Жол картасы, ол – Қазақстанның мұнай-газ саласының өндіруші секторының ғылыми-технологиялық дамуы туралы баяндама, онда Қазақстанның мұнай-газ саласының кадрларын ғылыми-зерттеу тұрғысында дамыту және даярлау аспектілері, сонымен қатар мемлекеттік қолдау түріндегі тұрақты қаржы жағдайы және тиімді бизнес-модель   бейнеленген.  

ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы»  халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде Қазақстан-Британ әрекеттестігі және оны  алға бастыру мүмкіндіктерін талқылау тағы да бір маңызды тақырып болды. KAZENERGY қауымдастығының Атқарушы директоры  Қабжанов Рустем Астанада 8-9 қыркүйекте көрменің ресми жабылуы қарсаңында өтетін XI Еуразиялық  Форум алаңында Қазақстан-Британ әрекеттестігінің өзекті мәселелерін  және ағымдағы нәтижелерін талқылауды ұсынды.  

Арман Сатимовтың айтуынша  2017 жылы Қазақстан Республикасының келешек энергетикасын дамыту бойынша орта мерзімді және ұзақ мерзімді екі зерттеуді (жаңа баламалы сияқты дәстүрлі ресурстарды дамытуды қоса алғанда) аяқтау жобаланып отыр, осы зерттеулердің шеңберінде  технологиялар трансфертін жүзеге асыра алатын және Қазақстан Республикасына әкеле алатын жоғары технологиялық британдық компаниялардың тәжірибесі қажет болатын негізгі бағыттар, жаңа даму жобалары белгіленеді.   

Мәжіліс жұмысының нәтижесінде Қазақстан-Британ қатынастарын дамыту бойынша алдағы 12 айға арналған әрі қарайғы  іс-қимылдар  келісілді және жергілікті үлесті дамыту бойынша әрекеттестіктің нақты салалары белгіленді.

IMG_6754

IMG_6728

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту