Kazenergy қауымдастығының ғылыми-техникалық кеңесі энергия тиімділігі мен энергия үнемдеудің инновациялық шешімдерін талқылады

размер шрифта: Aa | Aa
13.04.2017 16:06

Kazenergy қауымдастығының ғылыми-техникалық кеңесі энергия тиімділігі мен энергия үнемдеудің инновациялық шешімдерін талқылады

Биылғы жылдың 11-сәуірінде KAZENERGY  қауымдастығы Ғылыми-техникалық кеңесінің мәжілісінде энергия тиімділігі мен энергия үнемдейдің инновациялық шешімдері талқыланды, оған Чехия Республикасынан шақырылған сарапшылар,   ҚР ЭМ, ҚР ИДМ, «Самұрық-Энерго» АҚ,  «КИНГ» АҚ, "Қазақстан Энергия аудиторлары қауымдастығы» ЗТБ, «Эргономика» ЖШС, НКОК және  KAZENERGY  қауымдастығының мүшелері – Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетикалық ұйымдарының  басшылары мен мамандары қатысты.

KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының Кеңесшісі, ҒТК Төрағасының орынбасары Сатимов Арман Нұрланұлы мен  «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс пен активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры  Түйтебаев Серік Сүйенбекұлы  құттықтау сөз сөйлеп мәжілісті ашты да, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеудің барлық өзекті мәселелерін талқылау қажеттігіне көпшіліктің назарын аударта отырып баяндамашыларды таныстырып өтті.   

Қазақстанның қазіргі экономикасында мынадай екі фактор бар: біріншіден, нақты сектордағы технологиялар тозған және көп салада біршама ескірген жабдықтар пайдаланылып отыр, екіншіден, Қазақстан экономикасын тарихи себептерге байланысты энергия жұмсайтын  салалар құрап отыр. Осы факторларды ескерсек қазақстандық тауарлардың  және жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін энергия тиімділігін жоғарылатудың маңызы арта береді. 

Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы ҚР ИДМ өкілі Әлібеков Олжас Әділұлы баяндама жасады. Баяндамашы энергетикалық секторды, оның ішінде жаңармалы энергия көздерін (ЖЭК)  инвестициялайтын әлемдік тенденциялар туралы әңгімелеп берді. ЖЭК электр энергиясын өндіру 2015 жылы бұрынғы жылдармен салыстырғанда 33% өсті. Мұнай-газ саласының инвестициялары бұрынғысынша бірінші орында.

"Қазақстан Энергия аудиторлары қауымдастығы» ЗТБ Президенті Тоқбаев Дәурен Ғалымұлы  қатысушыларға  энергия тиімділігінің күрделі мәселелері туралы  және «Өзін-өзі реттеу туралы» ҚР заңына, нормативтік-құқытық актілерге және Аудит өткізу қағидасына  ұсынылатын өзгерістер туралы әңгімелеп берді. Осылайша  энергия аудиті жүргізілетін жалпы мерзімді қысқарту  және өзін-өзі реттейтін институттар енгізуді  ұсына отырып баяндамашы осы институттың  моделімен таныстырды.    

«CZET – Чехия энергия үнемдеуші технологиялары»  Консорциумы Басқармасының Төрағасы, ЭКСПО-ның Чехиядағы комиссары және «Жыл адамы» атағының иегері   Зденек Збытектің сөйлеген сөзі ҒТК мәжілісінің ең маңызды сәті болды. Збытек мырза  Чехия энергетикасының қазіргі жай-күйі және Қазақстан Республикасының  энергетикалық инфрақұрылымын жаңартуға және дамытуға арналған жаңа технологиялар туралы әңгімелеп берді.  Ол Қазақстан мен Чехияның әрекеттестігі ЧР Президенті Милош Земанның 2014 жылы Астанаға келуінен бастау алғанын атап өтті, ол делегацияның құрамында Збытек мырзаның өзі де болған. Чехия Республикасы ҚР  Энергетика министрлігімен  және  KGNT  компаниясымен әрекеттесе отырып ЭКСПО-2017  көрмесіне белсенді атсалысатынын және  энергетикаға арналған мамандандырылған тақырыптық чех күндерін өткізетінін атап өткен жөн.

ŠKODA PRAHA a.s, Environment Commerce CZ және ETD Transfarmatory a.s. әртүрлі салаларының  мамандары да өздерінің инновациялық технологиялары мен шешімдері туралы әңгімелеп берді.  «SKODA PRAHA a.s.» Техникалық директорының орынбасары Петер Крупчик Чехиядағы көмір электр станцияларын жаңарту және экологияландыру барысындағы ŠKODA PRAHA  тәжірибесі туралы айтып берді. Қазақстанда Чехияның экологияландыру тәжірибесін пайдалану мүмкіндіктері мәжілісте талқыланған басты тақырып  болды.  

Оған қоса мұнай-газ және энергетика кәсіпорындарының канализациялық ағынды суларын инновациялық энергия тиімділікпен тазарту тақырыбы қарастырылды., «ENVIRONMENT COMMERCE CZ a.s.» Бас директоры Иван Биденко  Қазақстан қалаларында энергиялық тәуелсіз азық-түлік-коммуналдық кешен құру тұжырымдамасын  көпшіліктің назарына ұсынды.

Кездесудің соңында баяндамалар топтамасын НКОК  және «Эргономика» ЖШС  отандық мамандары жалғастырды.  НКОК  парник газдары мен энергия тиімділігі жөніндегі топтың инженер-экологы Қошқарбаев Мұхтар Нұрмаханұлы  отырғандарды климат өзгерістеріне назар аудартатын «Мой Экослед» компаниясымен таныстырды. Баяндамашы  энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелерін бірінші кезекте экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан   қолдап,  насихаттау қажеттігін  атап көрсетті. Маманның айтуынша бұл  -  инновациялық тәсіл, себебі ол  қазіргі заманда көпшілік бұқараның көкейіндегі мәселе  әрі ЖІӨ энергия сыйымдылығын азайтуға негіз бола алады.  

Мәжіліс соңында ҒТК қатысушылары   елдегі энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу тақырыбын дамыту үшін баса назар аударуды қажет ететін маңызды аспектілер бойынша өз ұсыныстары мен түсініктемелерін ұсынды.

* «CZET» консорциумы - шетелдік мүдделі тұлғаларға заманауи,  тиімділігі жоғары энергетикалық кешендердің құрылысын салу, жекелеген технологиялар жеткізілімі мен «толық аяқталған құрылыс» қызметтерін   ұсыну үшін  «Чехия энергия үнемдеуші технологиялары»  – «CZET»консорциумы болып біріккен Чехияның  басты отыз энергетикалық технология өндірушілерінің, құрылыс және сауда фирмаларының  тобы.    

* Environment Commerce CZ  жылдан бері еуропалық нарықтағы және Орта Шығыстағы ағынды сулардың тазартқыш құрылғыларының жеткізушісі  болып табылады.

* ŠKODA PRAHA a.s кепілдік және сертификаттық сынақтарды қоса алғанда, энергетикалық кешендердің бас жеткізілімімен, электр станциясын  және олардың технологиялық бөліктерін жаңарту, жөндеу және реконструкциялаумен, жабдықтарды пайдалануға берумен  айналысады. 

* ETD Transfarmatory a.s. – әлемдік деңгейдегі энергиялық тиімді реакторлар мен трансформаторлар жасайтын компания. Қазіргі уақытта ол  (бір фазалық және үш фазалық реттейтін және реттелмейтін) қуат трансформаторын, автомобиль  трансформаторын, трансформатор пеш, теміржол саласында қолданылатын күш трансформаторын, арнайы реакторлар өндіреді.

IMG_7238

imgonline-com-ua-Osvetlenie-3Gs73KFV067PqKH_1

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту