Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің баспасөз хабарламасы

размер шрифта: Aa | Aa
24.05.2017 18:41

Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 23-мамырда «KAZENERGY»  қауымдастығының алаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару жөніндегі Вице-президенті С.С. Әбденовтың  төрағалық етуімен  Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) мәжілісі өтті.

Мәжіліске Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне қоса Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де қатысты. 

Мәжілістің күн тәртібі бойынша «KAZENERGY» қауымдастығының  2016 жылы адами капиталды дамыту бағытында атқарған жұмыстары  туралы есеп тыңдалды.  Оған қоса Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің 2017 жылға арналған негізгі бағыттары белгіленіп, бекітілді.

Үйлестіру кеңесіне қатысушылар еңбекті нормалау, мұнай-газ және энергетика саласындағы еңбек бойынша нормалар мен нормативтерді ұйымды-техникалық қамтамасыз етудің біртұтас базасын қалыптастыру бөлігіндегі мәселелерді талқылады.  

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы туралы ақпаратты жариялады.   

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Үйлестіру кеңесінің мәжілісіне қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы хабардар етті.   

Оған қоса  Үйлестіру кеңесінің мәжілісі барысында 2015-2016 жж арналған Мұнай-газ саласының корпоративтік әлеуметтік жауаптылығы жобасы туралы ақпарат жарияланды және талқыланды.

Үйлестіру кеңесінің қатысушылары ЭКСПО 2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде қауымдастық өткізетін  шаралар:  XI Еуразиялық  Форум, Әйелдер энергетикалық клубының мәжілісі, Жастар форумы  туралы ақпаратты тыңдады.

Үйлестіру кеңесінің  мәжілісі «ҚР кәсіподақтар федерациясы дауларды зерттеу және шешу орталығының» өкілдері таныстырған  «Еңбек даулары және еңбек дауларын шешу» тақырыбындағы кіріспе лекциямен аяқталды.  

IMG_7633

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту