Жамболат Сәрсенов Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің Вице-президенті болып сайланды

размер шрифта: Aa | Aa
10.07.2017 15:18

Жамболат Сәрсенов Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің Вице-президенті болып сайланды

Қазақстан атынан қызмет етуші Жамболат Сәрсенов Дүниежүзілік Мұнай кеңесінің (ВНС, World Petroleum Council) Маркетинг жөніндегі Вице-президенті  және Атқарушы Комитетінің Мүшесі болып сайланды, осыған дейін бұл қызметті Төраға Petrochina Чжоу Цзипин (Zhou Jiping) атқарған болатын. Бұл шешім 2017 жылғы 9-17 шілде аралығында Стамбул қ.  (Түркия Республикасы) өтіп жатқан 22-ші  Дүниежүзілік мұнай конгресі  (World Petroleum Congress) шеңберінде қабылданды.

Жамболат Сәрсеновті ДМК Маркетинг жөніндегі Вице-президенті  және Атқарушы Комитетінің Мүшесі қызметіне  Тимур Құлыбаев басқаратын ДМК Қазақстан Ұлттық комитеті ұсынып, Кеңес мүшелері бірауыздан шешім қабылдады.

Өзінің жаңа қызметінде Жамболат Сәрсенов барлық қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру және ұлттық және халықаралық мұнай компанияларын әрі қарай тиімді дамыту мақсатында Кеңестің оң беделін күшейту және алға бастыру сияқты маңызды бағыттар бойынша ДМК мүше елдердің  жұмыстарын үйлестіретін болады. Оған қоса ДМК жаңа  Вице-президенті Батыс пен Шығыс мемлекеттердің, әсіресе ағылшын тілінде сөйлемейтін елдердің мұнайға байланысты мүдделері мен тәжірибелерін біріктіруге қатысты мәселелерге жетекшілік ететін болады, атап айтқанда осы едерге өнімді диалог алаңын қалыптастыру басты міндеттердің бірі болмақ. ДМК шеңберінде талантты мамандар мен тәжірибелі кәсіпқой мамандардың дағдылары мен құзыретін біріктіру және үйлестіру де Сәрсеновтың басқаруында болады. 

Қазіргі уақытта KAZENERGY қауымдастығының ынтымақтастықта, атап айтқанда Қазақстан Респубоикасының халықаралық  энергетикалық аренада абырой-беделін алға бастыруда  мол әрі табысты тәжірибесі бар. Қауымдастықтың қызметінің нәтижесінде Қазақстан бүгінде бастапқы энергия ресурстарының өндірісі бойынша «жиырма» дүниежүзілік көшбасшы елдердің тізіміне еніп отыр және көп жылдан бері жақын көршілері – Ресей және ҚХР-мен ғана емес, АҚШ, ЕО, Таяу Шығыс және басқа да елдермен де өзара қарым-қатынас балансын сақтап отыр.  KAZENERGY құрамында Қауымдастық кеңесі, халықаралық қатынстарды қоса алғанда әртүрлі бағыттағы Үйлестіру кеңестері  табысты жұмыс істеп жатыр. Қауымдастық Халықаралық Энергетикалық Хартияда Қазақстан атынан  қызмет ететін жұмыс органы болып табылады, ол IEA халықаралық энергетикалық агенттігімен және IRENA жаңармалы энергия көздері агенттігімен әрекеттестік етеді. Сондай-ақ Қауымдастық IEF халықаралық энергетикалық форум жұмысында Қазақстан өкілі болып табылады, ол Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің «Жаһандық серіктесі», Өндіруші  саланың ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) бойынша ҚР мүдделі тараптарының ұлттық кеңесінің құрамына кіреді. Оған қоса 12 жылдан бері Қауымдастық  жыл сайын Еуразиялық KAZENERGY форумын өткізеді, оның ауқымы соңғы жылдары біршама ұлғайды. 2017 жылы KAZENERGY Астана қ.  ірі халықаралық жоба - ЭКСПО-ға серіктес болды,  бұл көрме бүкіл әлемдегі «жасыл энергетиканы» дамыту саласындағы ғаламат жағңалықтарды ұсынады.

Қазақстанның энергетикалық саласының ағымдағы және перспективті дамуының жай-күйі туралы кешенді түсінік қалыптастыру мақсатында Қауымдастық Ұлттық энергетикалық баяндама әзірледі, онда Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика саласының біртұтас жүйе ретінде тұрақты дамуына  КAZENERGY қауымдастығының стратегиялық көзқарасы бейнеленген.  Қазақстан ДМК-ге Кеңес шеңберіндегі нарықтың дамуы және болжамдары туралы осыған ұқсас есептер дайындап беруге ұсыныс жасағалы отыр.

Осылайша Жамболат Сәрсеновтың ДМК-дегі жоғары лауазымды қызметке тағайындалуы  Қазақстан атынан KAZENERGY қауымдастығының дүниежүзілік мұнай нарығында оң беделі мен ұстанымын нығайтуда жасалған кезекті бір қадамы болып табылады және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, сонымен қатар Кеңес мүшелерінің барлық елдері арасындағы ынтымақтастыққа жаңа  серпін береді. 

Бұрын хабарланғандай Қазақстан Дүниежүзілік Мұнай кеңесіне 1997 жылы мүше болып кірді. 2008 жылы Республиканың осы халықаралық ұйымдағы қызметтері KAZENERGY қауымдастығының кірісуімен  және Қазақстан Ұлттық комитетінінің құрылуымен жандандырылды. ДМК-ге мүшелік ету біздің елімізге  бүкіл әлем бойынша мұнай және газ саласындағы соңғы  ғылыми және технологиялық жетістіктерге қатысты маңызды ақпараттарды пайдалануға жаңа мүмкіндіктер берді. Сол уақыттан бері Қазақстан мен ДМК тұрақты даму, интеграциялық процестер, заңнамалық базаны жетілдіру, жергілікті үлесті және басқаларын дамытуды қоса алғанда, энергетика, мұнай және газ саласындағы ең өзекті мәселелер мен қиындықтар  бойынша тығыз әрі жемісті әрекеттестік етіп келеді.  

2012 жылы Астана қ. Еуразиялық KAZENERGY энергетикалық форумы шеңберінде  ДМК атқарушы комитетінің жыл сайынғы мәжілісі өтті.

WPC мұнай-газ индустриясындағы аса маңызды оқиға болып табылады, оны Дүниежүзілік мұнай конгресінің Тұрақты кеңесі өткізеді. Бүкіл әлемнің мамандары үш жыл сайын осы форумда  мұнай-газ өндірудің қазіргі заманғы технологияларымен және осы бизнесті басқару әдістерімен  танысу үшін бас қосып тұрады. Алғаш рет WPC 1933 жылы Лондонда өткізілді.

KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметі

IMG_3590

IMG_3589

IMG_3567

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту