Қазақстандық делегация Абу-Дабидегі IRENA VIII сессиясының жұмысына қатысады

размер шрифта: Aa | Aa
12.01.2018 00:00

Қазақстандық делегация Абу-Дабидегі IRENA VIII сессиясының жұмысына қатысады, онда Оңтүстік Қазақстанда

күн электр станциясын салу жобасын қолдау туралы келісімге қол қойылатын болады, деп хабарлайды

ҚР Энергетика министрлігінің (ЭМ) баспасөз қызметі.

Жұма күні таралған хабарламада: «Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың

басшылығымен қазақстандық делегация 13-14 қаңтарда Абу-Дабиде (Бірлескен Араб Эмираты) Жаңартылатын

энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (International Renewable Energy Agency, IRENA)

ассамблеясының VIII сессиясының жұмысына қатысады», - делінген.

Қ. Бозымбаев ассамблеяның VIII сессиясының пленарлық отырысында сөз сөйлейтін болады.

Сонымен қатар ассамблея сессиясының алаңында ҚР ЭМ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі және

Urbasolar арасында ОҚО Арыс қаласында күн электр станциясының (14 МВт) құрылысы бойынша «Задарья»

жобасын қолдау туралы келісімге қол қою болжануда.

Ассамблея сессиясының жұмысы шеңберінде «Энергетикалық транформациялаудың жаһандық жылдамдатқышы:

жаңартылатын энергетикаға ауқымды түрде инвестициялау», «Энергетикалық трансформациялауға арналған 

ииновациялар: E-mobility» атты министрлік дөңгелек үстелдер ұйымдастырылатын болады.

Сонымен бірге Қ.Бозымбаевтың IRENA бас директоры Аднан Зе Аминмен, сондай-ақ БАЭ энергетика және

өнеркәсіп министрі аль-Мазруимен және  Mubadala Investment Company мемлекеттік инвестициялық

компанияның мұнай-газ және

мұнай-химия жобалары жөніндегі бас атқарушы директорымен, Borealis AG Мусаббехом аль-Кааби байқау

кеңесінің мүшесімен жеке кездесуі күтілуде.  

IRENA ассамблеясының VIII сессиясы жұмысына қатысу барысында  ADFD/IRENA жобаларды қаржыландыру

VI цикліне қатысу мүмкіндігін талқылау жоспарланады.  

Құрамына KAZENERGY қауымдастығының өкілдері кіретін қазақстандық делегация «Болашақ энергиясы»

атты XI дүниежүзілік саммиттің ашылу және Абу-Дабиде 15 қаңтарда Zayed Future Energy Prize халықаралық

премиясымен марапаттау рәсіміне қатысатын болады, оның шеңберінде халықаралық көрме мен

қазақстандық павильонға бару да жоспарланған.

26685502_2043348239023813_6417340921098470215_o26231595_2043348959023741_4208729292853772771_n26240739_2043348192357151_3068962179408473055_o
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту