«KAZENERGY» Қауымдастығының Төрағасы, «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев «Газпром» ЖАҚ Директорлар кеңесіне мүше болып сайланды

размер шрифта: Aa | Aa
01.07.2011 21:50
alt

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
«KAZENERGY» Қауымдастығының Төрағасы, «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев «Газпром» ЖАҚ Директорлар кеңесіне мүше болып сайланды
2011 жылдың 30 маусым күні Мәскеу қаласында Ресейдегі ең ірі энергетикалық компания - «Газпром» ЖАҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысы өтті. Оның нәтижесі бойынша «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы, «KAZENERGY» Қауымдастығының Төрағасы Тимур Асқарұлы Құлыбаев Директорлар кеңесіне мүше болып кірді.

«Газпром» ЖАҚ акционерлерінің жалпы жиналысына жеке басы не өкілдері арқылы компанияның Ресей мен шет мемлекеттердегі акционерлері қатысты. Жиынға қатысушылар компания акцияларының 73,53% иегерлері.

«Газпром» ЖАҚ акционерлерінің жалпы жиналысына көтерілген басты мәселе – Директорлар кеңесінің жаңа құрамын бекіту. Тимур Құлыбаевпен қатар Директорлар кеңесіне төмендегі тұлғалар мүше болды:
- Акимов Андрей Игорович, «Газпромбанк» АҚ Басқарма Төрағасы;
- Ананенков Александр Георгиевич, «Газпром» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
- Газизуллин Фрит Рафикович, «Газпром» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
- Зубков Виктор Алексеевич, РФ Үкімет Төрағасының бірінші орынбасары;
- Мау Владимир Александрович, «Ресей Федерациясы Президенті жанындағы халық нарығының Ресей академиясы» оқу орнының ректоры;
- Карпель Елена Евгеньевна, «Газпром» ЖАҚ Экономикалық сараптама және баға қалыптастыру департаментінің басшысы;
- Миллер Алексей Борисович, «Газпром» ЖАҚ Басқарма Төрағасы;
- Мусин Валерий Абрамович, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті заң факультетінің азаматтық процесс кафедрасының меңгерушісі;
- Середа Михаил Леонидович, «Газпром» ЖАҚ Басқарма Аппаратының басшысы – Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Юсуфов Игорь Ханукович, РФ Президентінің халықаралық энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі;
Жиында, сонымен қатар, РФ Үкімет Төрағасының бірінші орынбасары Виктор Зубковты Директорлар Кеңесінің Төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылданды. Директорлар Кеңесі Төрағасының орынбасары болып «Газпром» ЖАҚ Басқарма Төрағасы Алексей Миллер сайланды.

Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау РФ Президенті Дмитрий Медведевтің елдегі 17 ірі акционерлік қоғамның директорлар кеңесі құрамынан мемлекеттік қызметтегі билік өкілдерін шығарып, тәуелсіз директорларды шақыру туралы тапсырмасымен байланысты. Осылайша, директорлар кеңесінің құрамынан РФ Энергетика министрі Сергей Шматко мен экономикалық даму министрі Эльвира Набиуллина шықты.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту