Білім беру және маман даярлау жөніндегі «KAZENERGY» Үйлестіру кеңесінің отырысы

размер шрифта: Aa | Aa
29.06.2011 22:03

2011 жылдың 28 маусым күні Білім беру және маман даярлау жөніндегі «KAZENERGY» Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. (Бұдан былай – Үйлестіру кеңесі).
Үйлестіру кеңесіне қатысушылар білікті мамандар даярлауда өндіріс, білім беру жүйелері мен мемлекеттің ынтымақтастығы тақырыбын талқыға салды.

Ашық пікір алмасуға «KAZENERGY» Қауымдастығының мүшелері мен серіктері: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «BG International Limited (Kazakhstan)», «North Caspian Operating Company B.V.», «Statoil North Caspian AS», «Total E&P Kazakhstan», «Tengizchevroil», «Karachaganak Petroleum Operating B.V.», «ПетроКазахстан Оверсиз Сервис Инк» АҚ, «Tethys Services Kazakhstan» ЖШС, Қазақстан техникалық диагностика және бүліндірмейтін бақылау қауымдастығы, ҚР білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мұнай және газ министрліктерінің, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының, бірнеше университеттің өкілдері қатысты.

Мұнай-газ саласында кәсіби стандарттарды қалыптастыру бағытында істеліп жатқан жұмыс туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Адам қорын басқару департаментінің директоры Шолпан Ержігітова есеп берді. Ержігітованың айтуынша, кәсіби стандарттар неғұрлым тез жазылып, мемлекеттік деңгейте бекітілсе, өндірістегі көптеген даулы мәселелер шешіледі, соның ішінде еңбекақы мәселесі. «KAZENERGY» Қауымдастығының Бас директоры Жанболат Сәрсенов күзге дейін бұл мәселеге байланысты бірегей мәмілеге келу үшін, кәсіби стандарттарды қауымдастыққа мүше компаниялардың өндірістік базасында сынап көруді ұсынды.

«ИнКаз Консалтинг» ЖШС президенті Тимурлан Алтаев отырыс мүшелеріне мамандарды қайтара дайындау курстарының үздігін анықтап, Атырау аймақаралық кәсіби орталық үлгісімен сынақ жоба ретінде енгізуді ұсынды.

Жиынға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырған - SPIE Oil&Gas Services Middle East LLC. сарапшысы Джон Радучтың «Мұнай-газ саласындағы еңбек нарығы мен маман даярлау жүйесін» зерттеуге демеу көрсету туралы ұсынысы. Үйлестіру кеңесінің тең төрағасы Асан Нұғмановтың айтуынша, мұндай зерттеу бұрын-соңды Қазақстанда жүргізілмеген. «Маман даярлайтын оқу орындарының жұмысын жоспарлау үшін мұндай зерттеу өте қажет»,-деп атап өтті Асан Нұғманов.

Техникалық диагностика және бүліндірмейтін бақылау Қауымдастығының Президенті Светлана Страгнефорс Мұнай және газ министрлігі 16.09.2010 ж. бекіткен мұнай-газ саласына қажетті мамандықтар тізімін «Кәсіби сертификациялық бағдарламалар» бөлімімен толықтыруды ұсынды. «KAZENERGY» Қауымдастығының Бас директоры Жанболат Сәрсенов СТ РК ИСО 9712 стандарты бойынша «Бүліндірмейтін бақылау мамандарын даярлау» мүмкіндігін «KAZENERGY» Қауымдастығының негізінде жүргізу мәселесін қарастыруға ықылас білдірді. Ол үшін кәсіби сертификациялық орталықтың аккредитациясы қажет.

ҚР Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіби білім беру департаментінің директоры Қадірбек Бөрібеков кәсіби-техникалық білім беретін оқу орындарын басқарудың жаңа үлгісін ұсынды. Қ. Бөрібеков «Кәсіпқор» Холдингі» АҚ баршаға таныстырып өтті, бұл холдингтің мақсаты корпоративтік басқару моделін сынақтан өткізу, мемлекеттік және жекеменшік ресурстардың басын біріктіру, маман даярлау сапасын жақсарту мақсатымен инновациялық технологиялар мен білім беру әдістемелерін жетілдіру.

Жиналыс қорытындысы бойынша қатысушыларға шешім жобалары ұсынылды, бұл бағыттағы жұмыс жобасы Қауымдастық мүшелеріне 11 шілдеге дейін ұсынылуы тиіс.

 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту