ПРЕСС-РЕЛИЗ «КАСПИЙ ҚАЙРАҢЫН ДАМЫТУ» МҰНАЙ-ГАЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ КӨРМЕСІ

размер шрифта: Aa | Aa
17.06.2011 22:07

17 маусым 2011 жыл. Астанада «KAZENERGY» (Төрағасы - Тимур Кулибаев ) Қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы және The Energy Exchange компаниясы ұйымдастырған «Каспий қайраңын дамыту» мұнай-газ конференциясы аяқталды.

Конференцияның екінші күні Батыс Каспиді дамыту, мұнай тасымалы маршруттарын дамыту, Каспий теңізінің көмірсутегі ресурсын игерудегі инновациялық технологиялар мәселелері сөз болды.

Каспий аймағының теңіз кеніштерінен мұнай мен газ тасымалдау мәселелері туралы отырыста сөз алған «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ бас менеджері Арман Дарбаев өндірілген көмірсутегінің 90 пайызы алыс және жақын шет елдердің рыногына экспортталатынын атап өтті. 2010 жылы экспортталған қазақстандық мұнайдың көлемі 71 млн. тонна болыпты. «Бүгіндері істеп тұрған мұнай құбырларының негізгілері - Атырау-Самара, КҚК, Атасу-Алашанькоу, олардың жалпы экспорттық қуаты жылына 58 млн. тонна болады» деп мәлімдеді Дарбаев.

Ол сонымен қатар «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырын салу жобасы мемлекетіміздің экспорттық маршруттардың көпвекторлығы саясатының маңызды элементі болып табылатындығын атап өтті. Жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі «Атасу-Алашанькоу», екінші кезеңі «Кеңқияқ – Құмкөл» бағыттары болды. Жобаны аяқтау үшін Кеңқияқ-Атырау, Кеңқияқ-Құмкөл, Атасу-Алашанькоу бөліктерін кеңейту керек.

Конференция кезінде «Казмортрансфлот" АҚ өкілдігінің директоры Алтынай Уәлиева компанияларының 2020 жылға дейін өз флоттарын дамытуға 750 млн. доллар инвестиция салу туралы жоспарлары бар екендігін мәлім етті. Ол Aframax типті екі мұнай құятын танкер, 5000-7000 девейтті құрғақ жүк таситын екі кеме, бірнеше паром мен теңіз операцияларына арналған кемелер сатып алуды жоспарлап отырғандығын айтты.

БАҚ өкілдерінің өтініші бойынша конференция кезінде Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлісу келісімі жөніндегі жұмыстардың ресми операторы «North Caspian Operating Company» компаниясының өкілдері Қашаған кенішін игеруге «Shell» компаниясының қатысуы туралы мәселені анықтап берді. NCOC –дің стратегиялық жоспарлау жөніндегі Бас менеджері Доминик Монфран: «кейбір БАҚ өкілдері «Shell» компаниясының консорциум (Shell Kazakhstan Development) мүшесі ретіндегі рөлі мен Қашаған жобасының екінші кезеңін жүзеге асыратын компания-агент (Shell Development Kashagan) ретіндегі рөлін шатастырады» деп мәлімдеді. Доминик Монфран Shell Development Kashagan компаниясы, сонымен қатар Қашаған жобасының екінші кезеңімен айналысатын «Аджип ККО» компаниясының командасы екінші кезеңнің түбелікті жоспарын тиянақталып, базалық жоспарлауға рұқсат етілгенше өз қызметкерлерін тарату туралы шешім қабылдағандығын айтты. Бұл шешімнің Қашаған жобасының бірінші кезеңіне әсері болмайды. Аджип ККО Қашаған жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыра береді.

Каспий қайраңын дамыту жөніндегі бірінші конференциясына екі жүзден астам делегат қатысты. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Әзірбайжанның мұнай-газ компанияларының топ-менеджерлері, оффшорлық кеніштердің оператор-компанияларының басшылары, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері бар.

 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту