Пресс-релиз. «КАСПИЙ ҚАЙРАҢЫН ДАМЫТУ» Мұнай-газ конференциясы және көрмесі

размер шрифта: Aa | Aa
16.06.2011 17:16

2011 жылдың 16 маусымында Астанада бірінші «Каспий қайраңын дамыту» конференциясы басталды. Шараны KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы (Төрағасы - Тимур Кулибаев) және The Energy Exchange компаниясы ұйымдастырды.

Конференцияға Каспийдегі кеніштерді игеріп жатқан мұнай-газ компанияларының топ-менеджерлері, салалық министрлік басшылары мен Қазақстан, Әзірбайжан және Ресейдің эксперттері жиналды.

Конференцияның алғашқы күні Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігі талқыланды.

«Каспий маңы мемлекеттерінің теңіздегі мұнай операцияларының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәжірибесі мен ынтымақтастығы» жөніндегі отырыста сөз алған Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімовтің айтуынша елімізде жер қойнауын игерушілердің өндірісін бақылайтын мемлекеттік аймақтық Каспилік он-лайн жүйесін құру мәселесі жасалып жатыр. «Үзбей қадағалап отыратын видеобақылау болуы тиіс. Видеокамера барлық жұмыстарды үздіксіз дискіге жазып отырады, бұл есеп берудің қатаң құжаты болып табылады. Бақылаудың нәтижесі Казгидрометтің орталық диспетчерлік пунктіне салынып тұруы тиіс» - деді министр журналистерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар Нұрғали Әшімов Каспидегі жер қойнауын игерушілерді бекіре балықтарды өсіруге қаржы салуға шақырды. «Бекірелер азайып кетпеуі үшін мұнай компаниялары балық өсіруге, уылдырық шашуды мелиорациялау мен осы бағалы балықтардың миграция жолдарын тазалауға қаржы салуы қажет» - деп мәлімдеді ол. Сонымен қатар министр бекіре аулау 1975 жылмен салыстырғанда 20 есеге – 500 килограммға дейін азайып кеткендігін атап өтті.

«Каспий шельфін игеру үшін саяси және экономикалық жағымды ахуал қалыптастыру» турасындағы отырыста Каспидің құқықтың мәртебесі және Каспий байлығын игерудегі мемлекетаралық қатынастар мәселесі талқыланды.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы туралы Конвенция жасау туралы келіссөздер жүргізіліп жатқандығын айтты. «Жалпы алғанда, «каспилік бестіктің» арасындағы ынтымақтастық пен түсіністік, мемлекет басшылары мен үкімет деңгейіндегі өзара қарым-қатынас – барлығы каспидің мәртебесі мәселесі жуық арада шешілетіндігіне үміәттендіреді» - деді вице-министр.

Капсий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің ұлттық стратегиясы жөнінде баяндаған Мұнай және газ вице-министрі Берік Толымбаев Каспидің қазақстандық бөлігінде зерттелген ірі мұнай қоры бар екендігін атап өтті. Геологиялық-геофизикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша болашағы үлкен 120 құрылым анықталған. Олардың болжам қоры 8 млрд. шартты отын, оның 4,5 миллиарды. мұнай. Вице-министрдің айтуынша қазіргі кезде Қазақстанда көмірсутегі шикізаты бойынша жер қойнауын игеруге байланысты 201 келісім-шартқа қол қойылған, оның 15-і өнімді бөлісу келісімі моделі бойынша.
2003-2015 жылдарға есептелген Каспидің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады.
Қазіргі таңда Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде 8 мұнай-газ жобасы жүзеге асырылуда, оның біреуі өндірілуде, 7-еуі барланып жатыр: Құрманғазы (ӨБК), Түпқараған (ӨБК), Жемчужины (ӨБК), Жамбай (ӨБК), Н (барлау және өндіру келісімі), Жамбыл (барлау келісімі), Сәтпаев (барлау және өндіру келісімі).

Каспий қайраңының мұнай-газ өндіру мүмкіндіктері туралы айта келіп Индустрия және жаңа технология министрлігінің геология және жер қойнауын игеру комитеті төрағасының орынбасары Құдайберді Орақ былай деп мәлімдеді: «Каспий қайраңында барлығы 120 дан астам жеке құрылым бар, болжам бойынша 8 млрд. тонна шартты отын алынады деген болжам бойынша өндірілетін ресурстың жалпы мөлшері бағаланды. Бұл Қазақстандағы құрғақтағы барланған барлық кеніштердің қорымен бірдей. Каспий қойнауындағы көмірсутегінің барланған қоры жөнінен Қазақстан барлық Каспий маңы мемлекеттерінің ішінде жетекші орынға ие болып отыр.»

Каспий қайраңын дамыту жөніндегі бірінші конференция 17 маусым күні жалғасады.
Екінші күннің басты тақырыбы Батыс Каспиді дамыту, мұнай тасымалы маршруттарын дамыту, Каспий теңізінің көмірсутегі ресурсын игерудегі инновациялық технологиялар туралы.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту