Тимур Құлыбаев «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ Басқарма төрағасы, KAZENERGY Қауымдастығының төрағасы. ТМД-ның мұнай және газ жөніндегі XI Саммитінде сөйлеген сөзі. 25-27 мамыр 2011 жыл, Париж, Франция

размер шрифта: Aa | Aa
03.08.2011 17:20
alt

Қайырлы күн, құрметті қатысушылар, ханымдар мен мырзалар!

Биылғы ТМД-ның XI Саммиті Достастық құрылғанының 20-шы жылы өтіп отыр. Бұл бізге Достастықтың мұнай-газ кешенінің бүгінгі ахуалын бағалап, келешегін талқылауға, әлемдік энергетикалық тауарлар саудасының бүгінгі жағдайы мен ондағы біздің әлем бөлшегінің рөлін арттыру жолындағы кедергілерді бажайлауға, осы процесстердің жаңа онжылдықта шетелдік инвесторлардың мүмкіндіктеріне қандай әсері болатындығын талқылауға жақсы мүмкіндік береді.

Осы мүмкіндікті пайдаланып Қазақстанның энергетикалық секторындағы потенциалын, көмірсутегін өндірудің дәстүрлі жобаларынан өзгеше мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысамын.

Мен біздің аймақтың - Евразияның, тіпті бүкіл әлемнің энергетикалық нарығындағы рөлінің бірден артуын ТМД елдерінің мұнай-газ саласының дамуындағы басты тенденция деп айтар едім.

ТМД-дан әлемдік нарыққа шығарылатын мұнай мен газдың көлемі 2010 жылы 358 млн. тонна мұнай және 237 млрд. куб газ болса осы онжылдықтың аяғына дейін барлық құбыр жобалары жүзеге асып олармен көмірсутегі тасымалдана бастағанда одан бір жарым есеге артады.

Егжей-тегжейіне тоқталып назарларыңызды шаршатпай-ақ бірақ нәрсені – ТМД-ның Каспий маңы елдері мен Ресей тек қана батыс бағытында кемі екі мұнай құбырын іске қосып, істеп тұрған тағы екеуінің тасымал көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырғандығын айтпақпын. Ал шығыста қолданыстағы инфраструктурамен тасымалданатын мұнайдың көлемін бірнеше есеге арттырмақ.

Ресей мен Каспий маңы елдерінің батыс пен шығысқа тартқалы отырған газ құбырларының да жағдайы дәл осыған ұқсас. Бұл жерде Қазақстанның көгілдір отынды экспорттаудан көпжылғы серіктесі «Газпромның» рөлі елеулі. Сөйте тұра біздің еліміз газ жөнінен Қытаймен де ынтымақтастықта болып, тепе-теңдікті сақтап тұр.

Мұнай саласындағы қазір жүзеге асқалы тұрған құбырлар жобасының біраз бөлігі іске қосылғанда біздің еліміз әлемдік мұнай экспорттаушылардың бестігі қатарына кіреді, ал ТМД өндіруші аймақ ретінде Парсы шығанағындағы елдерден кейінгі екінші орынға шығады. ТМД елдері өз ресурстарын игеру үшін шетелдік компанияларды көптеп тартып жатқанымен бұл жерде шетелдік инвесторлар үшін бизнес жасау мүмкіндігі шектеулі.

Бұған дейінгіге қатысты келесі тенденция - энергияны экспорттау жобалары бойынша ТМД елдері арасындағы ынтымақтастық күшейіп, қуатты қарқын алып келе жатқандығы.

Қазақстан мен Ресей Каспий Құбыр Консорциумының (КТК) мұнай құбырын кеңейтіп, Балтық құбыр жүйесін толтыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Астана мен Баку Қазақстандық Каспилік мұнай тасымалы жүйесін құруға талпынуда. Барлық ортаазиялық мемлекеттер Қытайға тартылатын Азиялық газ құбырларын жасап жатыр. Әзірбайжан Украинаға тасымалданатын мұнайының көлемін ұлғайтып енді Беларусь Республикасына қарай ойысты.

Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады, бірақ осы айтылғандардың өзі ТМД елдерінің мұнай-газ байланыстары әлемде барынша кеңейіп, ал өз араларында тарылып бара жатқандығын айғақтаса керек. Сонымен қатар, аймақтық энергетикалық жобалардың жүзеге асуы, жаңа нарықтың игерілуі бұдан былай Достастық аясындағы әріптестердің өзара тиімді ынтымақтастық орната білулеріне байланысты болмақ.

Бүгіндері ТМД-дағы көмірсутегін экспорттаушылардың бірде-біреуі бір-біріне өзара жеңілдік жасай алмайды. Біздің елдеріміздің әрқайсысы тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде әлемдік энергетикалық және инвестициялық қауымдастық үшін қадірлі де қалаулы серіктес болып үлгерді.

Бір жағынан ТМД мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық – ұлттық, континенталды және ғаламдық энергетикалық жобаларды жүзеге асыруда үлкен пайдаға кенелтетін зор ресурс.

Мұндай ынтымақтастықтың мысалы Беларусь, Қазақстан және Ресей. Біздің мемлекеттеріміз ортақ экономикалық кеңістік қалыптастырып жатыр. Ортақ энергетикалық нарық та соның маңызды бөлігі. Бұл жобаларды біз келесі жылдың басында жүзеге асырмақпыз. Дегенмен осы интеграцияның нақты пайдасын көру үшін көп жұмыс істеп, байланыстарымызды іс жүзінде тексеріп көруіміз керек.

Бұл істің табысты болуы көп жағдайда ТМД-дағы басқа да энергетикалық елдердің Евразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше болуға қаншалықты ынталы екендігіне байланысты. Ал ЕврАзЭқ – көмірсутегінің еркін айналымы және тасымал инфрақұрылымы өз мүшелерінің ғаламдық нарықтағы мүмкіндігін ұлғайтуға үлкен мүмкіндік беретіндігін дәлелдеуі керек.

Астана, Мәскеу және Минск құрып жатқан ортақ экономикалық кеңістік ТМД-дағы ынтымақтастықтың жарқын мысалы, бірақ ол мұнымен шектелмейді. Қазақстан экспорттық инфрақұрылымды дамытуда Әзірбайжанмен, Түркменстанмен ынтымақтастық орантқан. Болашақа бұл байланыстар ортақ нарықтық саясатқа да негіз болуы мүмкін.

Каспий және Кавказ елдерінің, сонымен қатар шығысеуропалық елдер – Украина мен Беларуссияның да қарым-қатынастары осы бағытта өрбіп келеді.

Қазақстан - өзімізден және аймақтағы өзге мемлекеттерден көмірсутегі үздіксіз экспортталатын Батуми портын меншіктеді, «ҚазТрансГаз-Тблиси» компаниясын иелену арқылы Грузияның газ тарату нарығына да кіріп отырмыз.

ТМД елдерінің энергетикалық альянсына Европаның басқа да елдері қосылып отыр. Мысалы, Румыния қазақстандық және каспиилік мұнайды, әзірбайжандық сығымдалған газды алғысы келеді. Қазірдің өзінде Rompetrol компаниясы арқылы Қазақстанның мұнай өнімдерін өндіруші және өткізуші шетелдік базаға айналып отыр.

Бұл мысалдарды келтіре отырып ТМД елдерінің өзге энергетикалық әлеммен қарым-қатынасындағы тағы бір, үшінші тенденцияны атап өткім келіп отыр. Бұл – біздің елдеріміздің экспорттық мақсаттары мен жоспарларын жүзеге асыру үшін Достастықтың ішінде серіктес таңдау мүмкіндігінің кеңдігі.

Өткен онжылдықта қалыптасқан бұл процесс осы онжылдықта біздің мемлекеттеріміздің мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының басым бағыты болмақ.

Бүгін мына бір әзілдің реті келіп тұрған сияқты. ТМД-да энергия көздері экспортерларының өзіндік «Facebook» әлеуметтік желісі құрылып өз лидері мен оған тәуелді серіктестері бар «вертикалды» альянстарды өткеннің еншісіне қалдырып отыр.

Жағдайдың бұлай өрбуі ТМД мемлекеттеріндегі мұнай-газ өндірісінің ерекше сипатында жатса керек. Кейбір елдерде бұл өндіріс құлдырап бара жатса, кейбірінде даму мен кері кетудің ортасында тұр, ал келесі бір үшінші елдерде үлкен өсу потенциалы бар.

Достастық елдерінің өндірістік және ресурстық потенциалын олардың экспорттық жоспарлары және құбыр жобаларымен салыстыру арқасында нарыққа қатысушылар мен инвесторлар олардың шынайы ахуалы, тиімділігі, сонымен қатар ТМД-дағы көмірсутегімен жабдықтаушы өзге елдердің көмегіне зәрулігі туралы нақты қорытынды жасай алады.

Бір анығы - мұнай-газ потенциалы мен өндірісі артып келе жатқан елдер әлемнің біз тұрған бөлігіндегі экспорттың жасақталуына және инфрақұрылымына, тіптен саясатына да үлкен ықпалын жүргізе алады.

Бұл координаттар жүйесі біздің Достастықтағы кез-келген мемлекеттің ғаламдық нарықтағы бүгінгі ахуалы мен келешегін дәл анықтап бере алады. Соған сәйкес инвесторлар үшін де ТМД елдерінің қай-қайсысының болса да энергетикалық жобаларындағы салымдарының тәуекелі мен болашағын бағалап беретін лоция болуы мүмкін.

Біздің елдерімізде инвестицияларды тек энергетикалық шикізат өндірісіне ғана емес, оған қоса оны терең өңдеуге, технологиялық құрамы мен қосымша құны жоғары тауарлар өндірісіне де тартуды көздейміз.

Осындай бірқатар жобалар - Батыс Қазақстандағы мұнай және газхимиясы өндірісін құру, Алматыдағы автомобильдерді мұнай өнімдерінен газға көшіру. Мұнайға арналған машина жасау және басқа да инфрақұрылымдық жобалар.

Аталған жобаларға Қытай, Корея, Франция, Германия, Ресей инвесторлары қаржы салып отыр. Тек қана қол қойылған келісім-шарттар бойынша салымдардың көлемі жарты миллиард доллардан асады. Ал жалпы алғандағы бұл жаңа нарықтың инвестициялық көлемі тек осы онжылдықта ғана бірнеше миллиардқа жетеді.

Қазақстанның энергетикалық саясатындағы қазіргі бағыт энергия тиімділігі, жаңартылған энергия көздері және атом энергетикасының рөлін арттыру.

Осыларды дамыта отырып, біз алдымызға - елімізде нарықтағы толқындарға төтеп беретін және қоршаған ортаға зиянсыз диверсификацияланған энергетикалық кешен қалыптастыру мақсатын қойып отырмыз. Қазақстанда мемлекеттің қолдауымен уран өнімдерінің бірнеше түрін шығару, энергия сақтау технологиясын кеңінен тарату және еліміздің бірнеше аймағында баламалы көздерден энергия өндіретін алдыңғы қатарлы құралдар жасау жоспарлануда.

Қабылданған шаралар Қазақстанға 2020 жылға дейін ауаға таралатын парниктік газдардың көлемін 15 пайызға азайтуға мүмкіндік береді және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін арттырады.

Бұл ретте Қазақстанның мемлекеттік саясатына сәйкес шикізат өндіретін дәстүрлі жобаларға қарағанда энергетикадағы биіктехнологиялық салаларға инвестиция тарту мүмкіндігі кеңейтіледі, ал салық шарттары жеңілдетіледі. Біздің үкіметіміз энергетикалық секторды мұнайлы табыс деп қана емес, ұлттық индустриямыздың, жалпы экономикамыздың инновациялық дамуының қозғаушы күші ретінде бағалап отыр.

Ханымдар мен мырзалар, бұл баяндамамда менің ТМД құрылғалы бері біздің аймағымыздың энергетикалық және инвестициялық нарықтағы орны ғана емес, сонымен қоса Достастықтың ішіндегі қарым-қатынас және инвесторларға жасалатын мүмкіндіктердің де өзгергендігін көрсеткім келген. Әлем өзгерді, Қазақстан да өзгерді. Біз мұнайдың арқасында ғана емес, өз жағдайымызбен, бәсекелестікпен, іскерлік табыстарымызбен өсіп жетілген ұлтқа айналғымыз келеді.

Энергетика саласы шетелдік және басқа да инвестицияларды тартып тұратын магнит іспетті. Сондықтан ақша ағыны таяздап, экономикамыз бастамасыз, инновациясыз «батпаққа» айналмайынша қарап отырмай бұл процесті өзіміз басқаруға міндеттіміз.

Инвесторлар мен оларды қабылдаушы елдердің позициясын жақындатып, бір-біріне тартымдылығын қамтамасыз ететін басты нәрсе арамыздағы ашық диалог. Бұл ретте мынаны атап өткім келеді: қазір біз Парижде түсіністіктің «батыстық» моделімен жұмыс істеп отырмыз. Ал Қазақстан өз кезегінде KAZENERGY-дің Евразиялық форумы түріндегі түсіністік қарым-қатынастардың «шығыстық» механизмін қалыптастырды.

Сыналған және жаңа серіктестеріміз біздің өзгерістерге деген көңілімізге қосылып, «жаңа Қазақстанның» инвесторлары бола алады деп сенемін. Астанада 6-шы Евразиялық форумда кездескенше!

Тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту