Қазақстан Инвестициялық форумының аясында өткен «Қазақстан мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығы және жаңа мүмкіндіктер» панельдік сессиясы

размер шрифта: Aa | Aa
20.05.2011 21:32

Баспасөз баяны. 2011 жылдың 19 мамырында Астана қаласында Еуропалық қайта құру және даму банкі Басқарма кеңесінің жыл сайынғы кездесуінің аясында Қазақстанның Инвестициялық форумы өтті. Форум шеңберінде KAZENERGY Қауымдастығы «Қазақстан мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығы және жаңа мүмкіндіктер» панельдік сессиясын ұйымдастырды.

Сессия жұмысына 200-ге жуық делегат қатысты, мінберден баяндама жасағандардың арасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин, «Бірлескен химиялық корпорация» ЖШС Басқарма төрағасы Дәурен Ердебай, HSBC Банк Қазақстан Басқарма төрағасы Саймен Мюнтер, BG Group Орталық Азия бойынша Аға вице-президенті және BG Қазақстан Президенті Марк Роллинз болды. Сессияның модераторы болған - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдан Кәрібжанов және ЕҚДБ энергетика және табиғи қор жөніндегі Басқарушы директоры Риккардо Пулити.

Отырыстың басында Айдан Кәрібжанов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы Тимур Құлыбаевтың алғы сөзін оқып берді. (Тимур Құлыбаевтың алғы сөзімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар )

Өз баяндамасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Қайыргелді Қабылдин қазақстандық мамандардың Урихтау кенішінде мұнай мен газ қорын тапқанын мәлімдеді. «Каспий маңы бассейнінің Шығыс бөлігінде 3D сейсмикалық зерттеу жүргізгенбіз, міне кеше ғана барлау ұңғысын сынап көріп едік, мұнай мен газ шықты»,- деді Қабылдин. Ұлттық компания төрағасының айтуынша, бұл блоктағы көмірсутек қоры шамамен 200 миллион тоннаға бағаланып отыр. «Тәуелсіз Қазақстанның тарихында отандық инженерлер алғаш рет өз күшімен кеніш тапты»,- деп атап өтті Қайыргелді Қабылдин.

«BG Group» компаниясының Орталық Азия елдері жөніндегі Аға вице-президенті,  «BG Қазақстан» Президенті Марк Роллинз мұнай-газ индустриясын модернизациялаудағы Ұлыбританияның тәжірибесі туралы айтып берді. Солтүстік теңізде мұнай өндіру қарқыны бәсеңсіп келе жатқанын атап өткен Марк Роллинз, Ұлыбританиямен салыстырғанда Қазақстанның ірі жобалары әлі алда екеніне назар аударды. «Бүгінде Қазақстан потенциалының аз бөлігі ғана жүзеге асты. Бір ғана мысал келтірейін. Қарашығанақ кенішінің өзінде мұнай өндіру 1999 жылдан бері үш есе артты. Қазақстанның жетістіктері елдің сабырлы да жүйелі саясатына байланысты, Қазақстанға келіп жатқан инвестициялар көлемін Орталық Азияның басқа елдерімен салыстыруға келмейді. Егер республиканың саясаты болашақта да инвесторларға қызықты болса, Қазақстан алдағы 10 жылдың ішінде бес ірі өндірушінің қатарына кіреді.

Өндіру қарқынындағы өзгерістерге қарамастан, Қазақстан мен Ұлыбритания тәжірибе алмаса алатын бір сала бар. Ол – логистикалық тізбектерді басқару.

Ұлыбританияда логистикалық тізбектерді басқару бағдарламасының модернизациясы 20 жыл бойы іске асып келеді. Мұнай мен газ өндірісінің азаюына қарамастан, өнім көлемі артып, сервистік және консультативтік қызмет түрлері дамуда. Қазірде жабдықтау тізбегінде 500 мыңдай адам қызмет етеді. Біздің жабдықтаушы компаниялар дүниежүзіне белгілі экспорттаушыларға айналды»,-деп атап өтті Марк Роллинз.

Панельдік сессияда ерекше назар аударылған тағы бір тақырып – мұнай химия өндірісінің қазіргі жағдайы мен осы саланың болашағы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы жобалары жөніндегі Бас менеджері Ғалымжан Амантурлин 2025 жылға дейін Қазақстанда мұнай өнімдерін тұтыну арта түсетінін атап өтті:
-    Жанармай 6700 мың тоннаға дейін;
-    Авиа жағармай  800 мың. мың тоннаға дейін;
-    Дизельдік жағармай 6 800 мың тоннаға дейін;
-    Битум 820 мың тоннаға дейін.

Ғалымжан Амантурлиннің айтуынша, ішкі нарықты отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатымен ұлттық компания арнайы зерттеу жүргізген, осы зерттеудің нәтижесінде Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау туралы шешім қабылданды.
         - АНПЗ – каталитикалық крекинг технологиясы негізінде 5,5 млн. тонна;
        - ПКОП - каталитикалық крекинг технологиясы негізінде 6,0 млн. тонна;
        - ПНХЗ – қуаттылығын 7,5 млн тоннаға дейін жеткізу.

Сессия отырысында HSBC Банк Қазақстан Басқарма Төрағасы Саймен Мюнтер банк қаржыландыратын мұнай-газ жобалары туралы айтып берді. (Презентацияны осы сілтеме арқылы көре аласыз) «Бірлескен химия корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Дәурен Ердебай мұнай химиясы саласындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуы жайлы баяндама жасады. (Презентацияны осы сілтеме арқылы көре аласыз )
Сессия отырысын қорытындылай келе, Рикардо Пулити Қазақстанда мұнай-химия саласын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс жүріп жатқанын, ал кәсіпорындарды модернизациялау шикізат өңдеу деңгейін көтере түсетінін атап өтті.

Қазақстан Инвестициялық форумының аясында өткен «Қазақстан мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығы және жаңа мүмкіндіктер» панельдік сессиясы Версия для печати Отправить на E-mail
20.05.2011 г.
Баспасөз баяны. 2011 жылдың 19 мамырында Астана қаласында Еуропалық қайта құру және даму банкі Басқарма кеңесінің жыл сайынғы кездесуінің аясында Қазақстанның Инвестициялық форумы өтті. Форум шеңберінде KAZENERGY Қауымдастығы «Қазақстан мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығы және жаңа мүмкіндіктер» панельдік сессиясын ұйымдастырды.
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту