«Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ , KAZENERGY Қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың. Еуропалық қайта құру және даму банкі басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 20 отырысында сөйлеген сөзі

размер шрифта: Aa | Aa
20.05.2011 21:35
Құрметті әріптестер, ханымдар мен мырзалар!

Сіздермен Еуропалық даму және қайта құру банкінің басқарушылар Кеңесінің аясында өтіп жатқан Инвестициялық форумда жүздескеніме қуаныштымын. Бүгінгі шараның мәртебесі Евразияның іскерлік қауымдастығының беделді әрі жігерлі өкілдерінің қатысуымен еуропалық және қазақстандық бизнес арасындағы жаңа жобалар мен ынтымақтастықтың болашағы туралы келелі әңгімеге жақсы мүмкіндік туғызып отыр.

Қазақстан мен Еуропаның арасындағы дәстүрлі ынтымақтастыққа мұнай-газ саласындағы жобалар негіз болып отыр. Қазақстанның мұнайын экспорттаудағы Еуропаның үлесі 80%, ал республика экономикасындағы мұнай-газ саласының еуропалық инвестиция түріндегі үлесі 90%-дан асады.

Бұл әріптестік өте нәтижелі. Энергетикалық сектордың Қазақстан экономикасын дамытудың басты тетіктерінің біріне айналуына Еуропалық компаниялардың тигізген әсері зор болды. Тәуелсіздік жылдары энергетикалық кешен ІЖӨ қалыптастырудағы үлесін бірнеше мәрте еселеді, еліміздің әлемдік мұнай нарығынадағы қатынасын да дәл солай арттырды. Бұл саланың республикамыздың экспорттық табысындағы үлесі 60 пайызға жетіп, Қазақстанның Ұлттық қоры жасақталды. Атап айтқанда осы қордың қаржысы ірі дағдарыс кезінде елімізді экономикалық құлдыраудан аман алып қалды, әрі ІЖӨ-нің өсуін қамтамасыз етті.

Маңызы биік мұнай саласы өндірісті дамытудың негізгі тетігі ретінде сақтала бермек, оған салынатын инвестицияның мүмкіндіктері де кемімейді. Сөйте тұра қазіргі кезде саланы дамытудың басымдылықтары және Қазақстанның энергетикалық секторы қарқынды түрде өзгеріске ұшырап келеді. Дағдарыстан шыққанан кейін елімізде экономиканы жаңғыртудың бірнеше индустриалды-инновациялық бағдарламалары жүзеге аса бастады, және бұл бағдарламалар шетелдік инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

Республикамыздың дамуындағы қазіргі жалпы мақсат ұлттық ІЖӨ-дегі қайта өңдеу секторының үлесін арттыру. Мұнай саласында түрлі мақсаттағы жаңа инфрақұрылым объектілері пайда болып, технологиялық деңгейі жағынан Еуродақ елдеріне жақын қайта өңдейтін қосымша қуат күштері құрылуы тиіс.

Дегенмен дәстүрлі мұнай саласындағы көпжылғы ынтымақтастық тәжірибеміз энергетикалық сектордың басқа да салаларында ашылып отырған үлкен мүмкіндіктерімізді пайдалануға түрткі болуы тиіс. Дағдарыс артта қалып еуропалық және қазақстандық экономика көтеріліп келеді және де біз батыл түрде инвестициялар көкжиегін одан әрі кеңейте беруіміз керек.  

Осы онжылдықта республика экономикасын дамытудың қозғаушы күші «Самрұқ-Қазына»  Ұлттық әл-ауқат қоры болмақ.  Алдағы бірнеше жылдың ішінде Қордың құрамына кіретін компаниялар индустриалды-инновациялық даму жобаларына  $22 млрд. инвестиция құймақшы.

Бүгінгі жиында мен форумға қатысушылардың назарын шикізат өндірудің көлемін арттыратын емес, керісінше технологиялық дамуға жол ашатын «даму нүктелеріне» аударғым келеді.  Себебі дәл осы тенденция біздің энергетикалық компанияларымыздың корпоративті стратегияларын айқындайды, олардың инвестициялық сұраныстарын ұзақ мерзімге ынталандырады.

Еуропалық банк Қазақстанның энергетикалық мүмкіндіктерін ашатын процестерге қатысып жатыр. Банк, біздің «ҚазТрансГаз» газ компаниясы және оңтүстік кореялық Kolon Group Алматының қоғамдық көліктерін компримиривтенген газға көшіру туралы Меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл жобаның синергиялық әсері бар, отыннның бағасын арзандатып экологияны және энергетикалық баланстың құрылымын жақсартады. Еуропалық банк ол үшін 200 млн. доллар несие бөледі және  осындай тәжірибені Қазақстанның басқа да облыстарына таратудың мүмкіндіктерін зерттейді деп күтеміз.

Біздің еліміз ЕДҚҚ, басқа да еуропалық инвесторлардың капиталдары қазақстандық компаниялардың жұмысына халықаралық қауымдастықтың ғаламдық экономикаға қойып отырған идеялары мен міндеттерін енгізуге септігін тигізуіне мүдделі. Мысалы энрегияжинақтау және қуат тиімділігі, қоршаған ортаға әсерін азайту сияқты технологиялық және экологиялық прогресс идеялары.  

Біздің Қордың құрамындағы «Самрұқ-Энерго» компаниясы, немістің Lamayer International фирмасымен бірлесіп Екібастұз электростанциясының (ГРЭС-2) 3 Блогын жаңарту жобасын жасап жатыр. Бұл жоба отын шығынын және ауаға тарайтын улы газ бен күл тозаңының мөлшерін азайтуға, энергетикалық қуатын, пайдалы әсер кооэфицентін  арттыруға мүмкіндік беретін жаңа қондырғыны пайдалануға негізделген.

Болашақ жабдықтаушылардың арасында немістің Siemens компаниясының болғандығына біз ризамыз. Бұл еропалық компаниялардың қазір мұнай-газ саласында қалай жұмыс атқарса, Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына дәл солай рөл ойнауға дайын екендігінің белгісі. 

Сондықтан мен батыстық әріптестерімізге бүгінгі отырыста Қазақстан өкілдерінің презентацияларына мұқият көңіл аударуға кеңес беремін. Олардың баяндамалары сіздердің біздің еліміздегі бизнестеріңізді дамытудың нақты мүмкіндіктерін ашып береді.

Қазақстандық және еуропалық компаниялардың ядролық энергетика саласындағы өзара тиімді байланыстарының арта түсуі мен үшін көрнекі шаруа секілді. Бұл жұмыстар дәстүрлі салалардағы ынтымақтастықтар жаңа мүмкіндіктерге негіз бола алатындығының үлгісі іспетті. 

Біздің «Қазатомпром» ұлттық компаниясы соңғы бірнеше жылдың ішінде уран өндіруден Қазақстанды әлем бойынша бірінші орынға шығарды.  Дегенмен қазақстандық атомшылар бүгіндері ядролық отынды тереңдетіп өңдеу мен балама энергетика жобаларын ұсынып отыр. Француздың AREVA компаниясымен бірлесіп Үлбі металлургия зауытында қуаты жылына 1200 тонна уран өңдейтін өндіріс құрылмақшы.

Бұдан бірнеше апта бұрын «Казатомпром» және Францияның атом энергиясы мен баламалы энергия көздері Комиссариаты жаңартылған энергия көздерінің әр түріне  арналған жаңа материалдар саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бағдарламасын жүргізу туралы келісімге қол қойды.  Бұл құжат нарықтың тұтас бөлігінің энергетикалық жобасының «жаңа буынын» алға бастыруға негіз қалыптастырады.

Алдағы екі жылдың ішінде біздің атомдық компания жылына бастапқы қуаты 50 мегаватт, болашақта бұл деңгейі одан да көбейетін  күн батареялары панельдерін шығаратын кешенді іске қоспақшы. Оған құйылған инвестиция  $230 млн, және бұл істегі  «Қазатомпромның» серіктестері француз компаниялары.

Сонымен қатар өзге де елдің инвесторларымен байланыс орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр: сәуір айында «Қазатомпром» және британдық Purolite International AG технология мен инновация саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыру «Қазатомпромға» Қазақстанда ірі көлемдегі биіктехнологиялық химиялық өнімдер мен реагенттер өндірісін бастауға мүмкіндік береді.

Бұл мысалдар Қазақстанның энергетикалық кешенінің мүмкіндіктері мен қызметін модернизациялау тенденциясы оның ұзақмерзімді дамуына жол ашатындығын айқындайды. Осылайша инвестициялар құрылымы инновациялық жобалар мен еліміздің  бизнесіне қарай ойысады.

Еуропалық даму институттары, ЕО корпоративті секторы өкілдерінің энергетика кешенінде биік технологияларды пайдалану мен таратудан тәжірибелері мол. Өз кезегінде Қазақстан табиғи байлықтары мен шаруашылық ресурстарын нақты бизнес-жобаларға айналдырудан үлкен тәжірибе жинақтады. Біздің осындай мүмкіндіктерімізді тоғыстыру ғаламдық экономика жүйесінде капиталдар, тауар және қызметтің жаңа  нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Барлық Форумға қатысушыларға табысты жұмыс, жемісті байланыстар мен бизнестеріңіздің алға баса беруін тілеймін.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту