KAZENERGY Қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың атынан Теңіздің алғашқы мұнайына 20 жыл толуымен құттықтау

размер шрифта: Aa | Aa
21.04.2011 21:39
Құрметті әріптестер!

KAZENERGY Қауымдастығы атынан Теңіздің алғашқы мұнайына 20 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз.
          1991 жылы Теңіз мұнай-газ өңдеуші зауыты  мен мұнай кәсіпшілігінің негізі қалануы әлемдегі  ең ірі мұнай кеніштерінің бірі - Теңізде мұнай өндіру өнеркәсібінің өркендеуіне жол ашты.

         
Алып мұнай кенішін алғаш ашушылардың бір тобы  -  Жолдасқали Досмухамбетов, Бөлекбай Сағынғалиев, Болат Еламанов, Асабай Хисметов, Құмар  Балжанов, Валентин Авров, Махаш Балғымбаев, Орынғазы Есқазиев сынды   азаматтарымыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына ие болды.

«Теңізшевройл» компаниясы - құрылғаннан бері мұнай-газ саласында өндіріспен қоса қаржы көрсеткіштері жағынан да, инвестиция көлемі, қоршаған ортаны қорғау мен техникалық қауіпсіздік мәселелерінде де биік белестер үдесінен табылып келеді.

«Теңізшевройлдың» әлеуметтік жауапкершілік жобаларына қарап отандық және шетелдік мұнай-газ компаниялары бағдар түзейді. Осы уақыт ішінде «Теңізшевройл»  қазақстандық өндірушілердің тауары мен қызметін сатып алуға 1 миллард доллардан астам қаражат жұмсады, Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібіне осы сала мен бүкіл ұлттық экономиканың жаңғыруына септігін тигізетін соңғы технологиялар мен соны жаңалықтарды енгізді.

«Теңізшевройлдың» табысты қызметі Қазақстан Республикасының экономикалық мүмкіндіктерін одан әрі арттыруға үлес қоса беретіндігіне сенімдімін.

Осындай айтулы мереке күні компания басшылығы мен қызметкерлерінің барлық бастамаларына табыс, сәттілік, ойдағы жоспарларының орындалуын және еңбектерінің  жемісті болуын тілеймін.

Сіздерге және жақындарыңызға  денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!

Құрметпен, KAZENERGY қауымдастығының
төрағасы    Тимур Құлыбаев
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту