Алматыда Халықаралық Интеллектуалды-Дебат Форумы болып өтті

размер шрифта: Aa | Aa
12.04.2011 21:41

Алматыда Халықаралық Интеллектуалды-Дебат Форумы болып өтті

9-10 сәуір аралығында Алматы қаласында Халықаралық Интеллектуалды-Дебат Форумы өтті. Шараны ұйымдастырушы – «KAZENERGY» Мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен КБТУ Интеллектуалды-Дебат клубы. Форумның басты демеушілері «KAZENERGY» Қауымдастығы мен БҰҰ.

Форум екі негізгі шарадан тұрды – Алматы қаласының Брейн-ринг бойынша кубогының 6-шы кезеңі және дебат турнирі.
Форумға Алматы қаласының 10-нан астам университеттінен (КИМЭП, ҚазҰТУ, СДУ, УМБ, ҚазҰМУ, ҚазЭУ, МАБ, АИЭС),  Қазақстанның басқа аймақтарынан (Тараз, Қарағанды, Астана, Көкшетау), және Орталық Азиядағы Америка Университетінің өкілдері (Бішкек), жалпы саны 250-ге жуық адам қатысты. Сонымен қатар, Форумға қатысқандардың арасында БҰҰ Қазақстандағы өкілдігінен Властемил Самек және UNESCO ұйымының Алматы кластері ұлттық бағдарламасының сарапшысы Карпов Сергей  де бар.
Екі күнге созылған пікірталастың нәтижесінде Дебат турнирінің жеңімпаздары анықталды. Олар бағалы сыйлықтар және БҰҰ-ның сертификаттарымен марапатталды. Шараның демеушісі – «KAZENERGY» Қауымдастығы ұсынған «Билік құрылымдарында әйелдердің санын арттыру билік аппаратының жұмысын жетілдіреді» деген тақырып турнирдің ақтық бөлімінде талқыға салынып, қызу-пікірталас тудырды. Осылайша, орыс тіліндегі лигада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің  «Бессердечные» командасы алдына жан салмаса, ағылшын тіліндегі лигада  Халықаралық Бизнес Академиясының «Just» командасы топ жарды. Қазақ тіліндегі лигада Халықаралық Бизнес Университетінің «УМБ-1» тобы жеңіске жетті. «KAZENERGY» стипендиаттарынан құрылған екі топ әділ-қазылар мен көрермендердің көзіне түсті. Форумның басты төрешісі болған – Марат Ибагаров, «KAZENERGY» Қауымдастығының стипендиаты.
Дәл осы уақытта Алматы қаласында брейн-рингтен де турнир өтті. Шараға қатысқан 32 топтың ішінде былтыр КБТУ-да өткен «Что? Где? Когда?» жобасының күміс жүлдегерлері «Замполит» (ҚазҰУ) тобы да бар. Нәтижесінде,  «Дети Гиппократа» (ҚазҰМУ) командасы брейн-рингтің жеңімпазы атанды. Оларға бағалы сыйлықтар берілді.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту