KAZENERGY Қауымдастығы Кеңесінің 11 отырысы

размер шрифта: Aa | Aa
19.03.2011 21:46

KAZENERGY Қауымдастығы Кеңесінің 11 отырысы

2011 жылғы 18 наурызда Алматы қаласында Тимур Құлыбаевтың төрағалық етуімен  «KAZENERGY» Қауымдастығы Кеңесінің 11 отырысы өтті.  Онда Қауымдастық мүшелері  9 мәселені талқылады. Олардың ішінде мұнайгаз саласындағы сервистік қызмет көрсетуді дамыту, тауар жеткізушілер мен қызмет көрсетушілер үшін KAZENERGY аясында алдынала квалификациялык бағалау моделін қалыптастыру сияқты мәселелер де бар.
11 отырыста Қауымдастыққа жаңа мүшелер қабылданды: «Азиялық Газқұбыры» ЖШС,  «Павлодар мұнайхимия зауыты» АҚ,  «Қаражамбасмұнай» АҚ, «The Rompetrol Group N.V.»,  «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ, «КПМГ Аудит» ЖШС . KAZENERGY басшысы осы аталған компаниялардың тәжірибесі мен беделі Қауымдастықтың дамуына үлкен үлес қосады деген сенім білдірді.

Қауымдастық Кеңесінің 11 отырысы
   Мәжілістің басында   KAZENERGY Қауымдастығының бас директоры Жанболат Сарсенов мырза Қауымдастықтың 2010 жылғы қызметі туралы есеп берді.
    Сервистік индустрия мен мұнайгаз саласындағы қазақстандық үлесті дамыту туралы «ҚазМұнайГаз»ҰҚ» АҚ басқарушы директоры Мағзұм Мырзағалиев баяндама жасады. Оның айтуынша «PSA» (Product Sharing Agreement) ЖШС мәліметтеріне сәйкес  2010 жылы Тенгиз жобасындағы қазақстандық үлестің салмағы тауарларда 2,5 %, және қызмет көрсету мен жұмысындағы үлесі 75,3% болған. Солтүстік Каспий жобасындағы қазақстандық үлестің салмағы 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында тауарларда 1,9%, қызмет көрсету мен жұмысында  14,2%. 2010 жылдың осы мерзімінде Қарашығанақта   - 16%.  Ол мәжіліске қатысушыларға «ҚМГ»ҰҚ»АҚ ірі операторлардың бастарын қосып қазақстандық үлестің көлемін ұлғайту жөнінде жиналыстар  өткізгендігін және әр ірі мұнайгаз жобасы бойынша жұмыс топтарын құру туралы келісімге келгендіктерін айтты. Мұндай жұмыс топтары қысқөа мерзім ішінде қазақстанда шығаруға болатын мұнайгаз қондырғыларының тізімін жасап, өндірісті дамыту мен бірлескен кәсіпорындар құру жөнінде нақты ұсыныстар дайындауы тиіс.
1c.jpg
          Сервистік құрылыс компанияларының қиындықтары туралы сөйлеген «НГСК «КазСтройСервис» АҚ  бас директоры Сабит Жанасов білікті мамандар тапшылығына тоқталды. «90 жылдары квалификациялық деңгей құлдырады, көптеген мамандар өз саласын тастап кетіп қалды. Сондықтан жас мамандарды оқыту және даярлаумен қатар қатардағы қарапайым жұмысшы, инженерден бастап топ менеджерлерге дейін білігін көтеру қажеттігін алға тартты. Қазақ мұнайгаз институты жанынан, сонымен қоса KAZENERGY қауымдастығы  жанынан  мамандарды даярлай және қайта даярлайтын салалық ғылыми-техникалық орталық ашылғаны дұрыс» деп мәлімдеді Сәбит Жанасов.  
                     «Қазқұрылыссервис» бас директорының айтуынша сервистік құрылыс компанияларының тағы бір проблемасы нысандарды жобалау барысында жергілікті және батыстық стандарттардың сәйкес келмеуі. «Қазақстанда жобалаудың батыстық стандарттары енгізіліп жатыр, соған қарамастан техникалық қауіпсіздік саласында, экология және өрт қаупсіздігі саласында ескі нормативтік база қолданылып жүр. Сондықтан нысан іске қосылғанда техникалық шарттар мен қадағалаушы органдар талаптары сәйкес келе бермейді» - деді ол. Осыған орай Қауымдастық кеңесінің Төрағасы Тимур Құлыбаев Қазақ мұнай және газ институтына осы мәселені зерттеп үкіметке тиісті ұсынстар даярлауды тапсырды.
2c.jpg
     Кеңесте Қазақ мұнай және газ институтының бас директоры  Ұзақбай Қарабалин мұнайгаз саласындағы  тауар жеткізушілер мен қызмет көрсетушілер үшін KAZENERGY аясында алдынала квалификациялык бағалау Моделін қалыптастыру жобасын ұсынды.  Оның айтуынша алдынала квалификациялық бағалау тендердің мөлдірлігін қамтамасыз етіп тапсырыс берушілердің де, орындаушылардың да жұмысын жеңілдетеді. Мысалы орындаушылардың  тапсырыс берушінің нақты талабы орындап, тауарлар мен қызмет түрлерін демпингтік бағамен ұсынып жүрген сапасыз конкуренттерден қорғау сияқты жетістіктері  алдынала квалификациялық баға берудің алғышарты. Өз кезегінде мұндай  жүйе тапсырыс берушілердің жобаны жүзеге асыру барысындағы тәуекелдерін азайтып, үкіметтің қазақстандық үлесті арттыру туралы тапсырмасын орындауға, қазақстандық жеткізушілерге байланысты мәліметтер базасын пайдалануға мүмкіндік береді.
     Қауымдастық мүшелерінің қарауына тағы бір мәселені «ҚазМұнайТеңіз» АҚ бас директоры ермек Марабаев ұсынды. Ол толығымен кенигеруші-операторлардың қадағалауында болатын 2 деңгейлі мұнай төгілуіне көңіл бөлу жөніндегі салалық ұйым құруды ұсынды.  Ермек Марабаевтың пікірінше мұндай ұйым құру операторлардың ресурстарын шоғырландырып, өз кезегінде Каспидегі мұнай төгілуіне дер кезінде көңіл бөлудің тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қауымдастық Кеңесі бұл ұсынысты ескерді.
    Оған қоса Ермек Марабаев 16-17 мамырда Астана қаласында «Каспий табанын дамыту» атты Бірінші мұнайгаз конференциясы және көрмесі өтетіндігін хабарлады.  
     Компаниялардың денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселесі талқылау барысындағы  тағы бір маңызды тақырып болды. «Барлау және өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ , «Статойл», «ТШО» компаниялары техникалық қауіпсіздік, денсаулық, және қоршаған ортаны қорғау мәселесі туралы әңгімеледі. «БӨ «ҚМГ» АҚ техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Басқарушы директоры Серік баймұхамедов компания жыл сайын еңбекті қорғау, өрт және өндірістік қауіпсіздікке байланысты шаралар өткізіп отыратындығын хабарлады. 2010 жылы осы мақсатқа 624 миллиона тенге жұмсалыпты.    Дегенмен газды факелда өртегені үшін ақы төлеудің қалыптасқан жүйесіне компания наразы. Серік Баймұхамедовтың айтуынша газды факелда өртеу үшін 6 түрлі салық төленеді. Осылайшы жылдық өндіру көлемі 100 млн. куб болатын компаниялар қазынаға 16,5 млрд. теңге төлейді. Қалыптасқан жағдайдан шығу үшін «БӨ «ҚМГ» АҚ ҚР Салық кодексінің 495 статьясының 9 және 10 пункттерін алып тастауды ұсынады.
3c.jpg 4c.jpg
    Индустрия және жаңа технологиялар бірінші Вице-Министрі Альберт Рау Кеңес мүшелеріне алда болатын Еуропалық қайта құру және даму банкі Басқарушылар Кеңесінің жыл сайынғы отырысы аясында өтетін Инвестициялық Форум туралы айтты. Форум 2011 жылдың 19 мамырына жоспарланып отыр. Оны ұйымдастырушылар ҚР қаржы министрлігі мен «KAZNEX INVEST экспорт және инвестиция жөніндегі Агенттік» АҚ,  KAZENERGY  Қауымдастығы және «Қазақстанның даму банкі». Форумның мақсаты  - Қазақстандағы инвестициялық ынтымақтастықтың ұзақмерзімді және тұрақты дамуының жаңа мүмкіндіктері мен жолдарын қарастыру.
Қауымдастық Кеңесінің 11 отырысының соңында KAZENERGY Қауымдастығы мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі арасында Технологиялық келісімге қол қойылды.  Тимур Құлыбаев пен Альберт Рау  құжат министрлік пен қауымдастық арасындағы қол қойылған құжат Ұлттық компаниялар түріндегі тұтынушылар мен кенигерушілер арасында іскер байланыстар орнататындығына сенім білдірді.


Көшіріп басқанда немесе материалды пайдаланған жағдайда kazenergy.com сайтына сілтеме жасау міндетті.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту