Астанада Мұнай-газ жастар мектебінің алғашқы тыңдаушылары оқуларын аяқтады

размер шрифта: Aa | Aa
15.03.2011 21:49

Астанада Мұнай-газ жастар мектебінің алғашқы тыңдаушылары оқуларын аяқтады

Осы жылдың 4-ші наурызында Астана қаласы жастарының іскерлік кеңесінің бастамасымен «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК және KAZENERGY ассоциациясы ұйымдастырған Мұнай-газ жастар мектебі алғашқы тыңдаушыларының мектеп бітіру рәсімі болып өтті.


 Евразия ұлттық университеті, Евразия гуманитарлық институты, Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ гуманитарлық заң университетінің 26 студенті және № 6 кәсіптік лицей оқушылары Мұнай-газ жастар мектебін ойдағыдай аяқтағандары туралы сертификаттар алды.
     Жобаның басты мақсаты - мұнай-газ мамандығымен айналыспайтын студенттерге еліміз бен әлемдегі мұнай-газ өнеркәсібінің даму ерекшеліктерін жан-жақты, терең таныстыру.
      Мұнай-газ тақырыбы бойынша 2 ай ішінде тыңдаушыларға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Мұнай және газ,  Қоршаған ортаны қорғау, Қазақстан республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрліктері, «Инвестицияның рентабельділігін зерттеу жөніндегі агенттік» ЖМ, «KEGOC»  электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ, «Қазатомпром ҰК» АҚ, BG Kazakhstan және Cameco Kazakhstan мамандары дәріс оқыды.
     Курс шеңберінде тыңдаушылар стратегиялық мұнай-газ жобалары және осы саланың даму тенденциялары, Қазақстанның Евразия аумағында энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі рөлі мен орны, еліміздегі балама энергетиканың дамуы, тағы да басқа көптеген тақырыптар бойынша лекциялар циклін тыңдады.  
     Астана қаласындағы Жастар іскерлік кеңесінің президенті Қайырболат Сахметов дәріс оқыған мамандарға қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табыс етті.
     - Қат-қабат жұмыстарына қарамастан осы курстарға сабақ беріп, өздерінің жоғары мамандықтары мен тәжірибелерін бөлісіп, дәріс оқыған мамандарға үлкен алғысымызды білдіреміз»,- деп атап өтті Қ.Сахметов.
    - Осы жобаға қатысудың нәтижесінде мен өзімнің шығармашылық, ойшылдық және ұйымдастырушылық қабілеттерімді шыңдадым. Мұның өзі болашақта  маған үлкен көмек болатынына сенімдімін, - дейді тыңдаушылардың бірі Назерке Ертаева.
    Рәсімнің соңында тыңдаушыларға арналып мұнай-газ тақырыбы бойынша қызықты викторина ұйымдастырылды. Викторинаға аса белсенді қатысушыларға ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.
    Мұнай-газ жастар мектебінің студенттер арасында танымалдығын ескере келе, тыңдаушылардың кезекті тобын ұйымдастыру көзделіп отыр.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту