Ішкі су қоймалары мен теңізге мұнай төгілуінің алдын алу және апат жағдайында әрекет ету жөніндегі Ұлттық жоспардың жаңа редакциясын жасау

размер шрифта: Aa | Aa
13.02.2011 21:54

Ішкі су қоймалары мен теңізге мұнай төгілуінің алдын алу және апат жағдайында әрекет ету жөніндегі Ұлттық жоспардың жаңа редакциясын жасау

Қазақстан Республикасындағы ішкі су қоймалары мен теңіздерге мұнай төгілуінің  алдын алу және апат болған жағдайда  дер кезінде әрекет ету жөніндегі Ұлттық жоспарды жетілдіру қажет.
15-17 ақпанда Астанада осы жоспардың жаңа редакциясын жасауға бағытталған  жұмыстарды жүзеге асыруға арналған семинар-кеңес болды. Мұнай және газ министрлігі мен KAZENERGY қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған семинарға Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ТЖМ, Сыртқы істер министрлігі өкілдері, шетелдік эксперттер мен жер қойнауын игерушілер шақырылды. Негізгі шетелдік кеңесшілер ретінде OSPRI (мұнай төгілуіне дайын болу жөніндегі аймақтық бастама) және Oil Spill Response Limited компанияларының өкілдері қатысты. Шараның басты мақсаты мұнай төгілген жағдайда әрекет ету жолдарын талқылап, халықаралық тәжірибені зерттеп білу. «Ұлттық жобаны жасау ісіне осыған мүдделі тараптардың бәрі қатыстырылуы тиіс. Мұндай семинар - құжатты талқылап, негізгі прициптерді қалыптастыру барысында өзара түсіністікке жетуге жол ашады»- деп атап өтті KAZENERGY Қауымдастығының Атқарушы директоры Нұрлан Утенов.

Мұнай төгілгенде әрекет ету жөніндегі Ұлттық жоспар 2000 жылы қабылданған. 2010 жылдың қазан айында ҚР президенті Н. Назарбаев бұл құжатты қайта қарап шығуды тапсырды. Семинар-кеңесте мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов Ұлттық жоспардың жаңа редакциясы биылғы жылдың соңына дейін жасалып бітуі тиістігін атап өтті. «Ұлттық жоба қазіргі редакциясында ресми құжат қана болса, жаңа редакциясында қолданбалы нұсқама болуы тиіс. Сонда төтенше жағдай бола қалған жағдайда әр компания, әр мемлекеттік орган не істеу керектігін біліп отыратын болады. Мәселен, кеденшілер тарапынан  төгілген мұнайды тазалайтын құралдар тез арада кедендік рәсімделуі қажет. Шетелдік мамандардың кіргізілуі оңтайландырылғаны жөн, визасыз келуіне де жағдай жасалуы керек. Яғни, Ұлттық жоспар осындай мәселелердің бәрі көрініс тапқан қолданбалы нұсқаулық болуы тиіс» - деді Әсет Мағауов.

Мемлекеттік органдардың  алаңдап отырғаны келесі жылдың соңынан бастап Қашаған кенішінен мұнай өндіру  жоспарланып отыр. Ол іске қосылғанда теңіз табанындағы  жасанды 30 аралдың арасына су асты құбырлары тартылады. Қазақстандық мамандардың пікірінше мұнай төгілуін ескеру жөніндегі жоспардың ғылыми негізі болуы тиіс. «Мұнай төгіле қалса оның тарау жылдамдығын білу үшін біз судың асты мен үстіндегі ағыстардың барысы туралы бірқатар зерттеулер жүргізуіміз қажет. Дәл қазір ондай зерттеулердің біразы қолымызда. Дегенмен онымен айналысқан адамдар ұлттық жоспарды басшылыққа алған жоқ. Енді осы зерттеулерді ұлттық жоспардан туындайтын проблемаларды шешуге жұмылдыруымыз керек» - деді Қазақ мұнай және газ институты бас директорының кеңесшісі Жақсыбек Күлекеев.

Семинар барысында  KAZENERGY қауымдастығының теңіздегі мұнай газ операциялары үйлестіру кеңесінің тең төрағасы Ермек Марабаев II деңгейіндегі мұнай төгілуінің салдарын жою жөніндегі Ассоциация құру туралы  бастаманы қолдады. Ермек Марабаев ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың II деңгейіндегі мұнай төгілуін ескеру жөніндегі теңіз операторларының Ассоциациясын құру туралы былтыр айтқандығын семинарға қатысушылардың естеріне салды.  «Осы орайда KAZENERGY бастамасымен үйлестіру кеңесінің жанындағы жұмыс топтарының 4 отырысы өткізілді. 11 ақпанда, 5-ші кеңейтілген отырыста осындай Ассоциацияны құру және жұмыс істеу принциптерін қалыптастыру үшін заңды және коммерциялық негізі берік бір компанияны оператор ретінде таңдап алу туралы шешім қабылданған. Бұл Ассоциация ұлттық жоспар платформасына қатаң сай болуы тиіс. Құжаттарды дайындау барысында OSPRI сияқты халықаралық сарапшылардың ұсыныстары есепке алынбақшы» - деді «ҚазМұнайТеңіз» ХҰҚ АҚ бас директоры.

Сонымен бірге «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ өкілдері  халықаралық тәжірибеге сүйене отырып мұнай төгілуіне  қаржылай жауапкершілік жөніндегі Сақтық Қорын құру туралы ұсыныстарын ортаға салды. Қордың құрылтайшылары мұнай өндіруші компаниялар, кеме тасымалымен айналысатын теңіз компаниялары, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде жұмыс істейтін порттық құрылымдар болуы мүмкін. «Осылайша болашақта елімізде экологияны зерттейтін, мұнай төгілуін ескеретін базасы бар,  теңіз бетіндегі мұнай дақтарын анықтау үшін спутниктік мониторинг жасап аэротүсіру жүргізетін, қызметкерлерді оқытатын бірыңғай ортақ жүйе құрылуы мүмкін. Осының арқасында төгілген мұнайды тазартып, жинап экологияны бастапқы табиғи қалыпқа келтіруге мүмкіндік туады»- деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры Мағзұм Мырзағалиев.


Үш күндік семинар барысында бүгінгі қауіптер, төтенше жағдайдың алдын алудың жолдары, болуы мүмкін апат салдарын жою тәсілдері сияқты мәселелер талқыланды. Семинарға қатысушылар осындай пікір алмасулар Ұлттық жобаны жасауға қатысушы барлық тараптардың  позициясын жақындастыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту