«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен «KAZENERGY» Қауымдастығы Астанадағы қазақ-түрік лицейінде химия

размер шрифта: Aa | Aa
12.02.2011 21:55

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен «KAZENERGY» Қауымдастығы Астанадағы қазақ-түрік лицейінде химия

15 ақпанда «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен «KAZENERGY» Қауымдастығы Астанадағы қазақ-түрік лицейінде химия пәнінен ашық сабақ  өткізді.
 kmg_2.jpg  logo_kazenrgy.jpg
 
Бұған дейін хабарлағанымыздай,  2010 жылдың қыркүйек айында лицей оқушылары үшін арнайы химиялық реакторлар жиынтығы және ақпараттық тақталармен жабдықталған,  «ҚазМұнайГаз» - «KAZENERGY» оқу класы ашылған. Онда «ҚазМұнайГаз» ҰК мамандары мен мұнайгаз саласының  сарапшылары дәріс оқиды. Елбасының биылғы халыққа Жолдауындағы мемлекеттік тілді дамыту бағытын жүзеге асыру барысында ұйымдастырушылар қазақ-түрік лицейінің оқушыларына қазақ тілінің орфографиялық сөздігін сыйға тартты.

2011 жылдың алғашқы сабағын «Инвестициялардың тиімділігін зерттеу агенттігінің» сарапшысы Олжас Байдильдинов өткізіп, теңізден мұнай өндірудің техникалық, экономикалық және экологиялық аспектілері туралы сөз қозғай отырып, Мексика шығанағындағы экологиялық апат мәселесін әңгіме етті.
 
Қазақ-түрік лицейі халықаралық стандарттарға сай келетін биік деңгейлі оқу орны. Онда сабақтар қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде  оқытылады. Лицей түлектерінің көбі Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Польша елдерінің университеттерінде оқуларын жалғастырып жатыр.  Мұнда табиғи-ғылымға негізделген пәндерге, соның ішінде,  химияға көп көңіл бөлінеді.

Ашық сабақтың соңынан ұйымдастырушылар оқушыларға естелік ретінде күнтізбелер мен арт-паннолар сыйға тартты.
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту