Мұнай-газ саласының транспорттық мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің аясындағы жұмыс

размер шрифта: Aa | Aa
10.02.2011 21:57

Мұнай-газ саласының транспорттық мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің аясындағы жұмыс

09.02.2011 ж. Астана қаласында, «KAZENERGY» Қауымдастығының Атқарушы Комитеті Мұнай-газ саласының транспорттық мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі Үйлестіру Кеңесі жұмыс тобының кезекті жиынын өткізді. Басқосуда ҚР «Магистральді құбыр туралы» Заңының жобасы мен «Қазақстан-ЕО:2020 Энергетикалық Хартиясы» талқыланды.
«Магистральді құбыр туралы» Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі биылғы жылы қарастыратын жобалардың қатарына енгізілген. Заң жобасын 2011 жылдың қараша айында Парламенттің талқысына салу жоспарланып отыр.  Бұл құжат Қазақстандағы құбыр жүйесінің дамуына құқықтық негіз болмақ. «KAZENERGY» Қауымдастығының мүшелері заң жобасын дайындап, оны тез арада барлық мүдделі тараптармен талқыға салуға барынша көмек көрсетуге дайын екендерін мәлімдеді.

«Біз Мұнай және газ министрлігінің жұмыс тобында бұл заң жобасын талқылауға  белсенді түрде араласуымыз керек, және сәуір-мамыр айларында заң жобасын «KAZENERGY»  Қауымдастығының Үйлестіру кеңесінде қарастыруға дайын болғанымыз жөн», - деп қорытындылады Қауымдастықтың Атқарушы директоры Нұрлан Утенов.

Сонымен қатар, жұмыс тобының мүшелері «Қазақстан-ЕО:2020 Энергетикалық Хартиясын» талқыға салды. Бұл мәселе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауында айтылған.

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Мұнай тасымалдау активтерін басқару департаментінің директоры Клара Рахметова атап өткендей, Энергетикалық хартия Келісіміне 1994 жылы қол қойылған, ол уақыттан бері дүниежүзіндегі геосаяси жағдай бірталай өзгерді. «Қазақстан-ЕО:2020 Энергетикалық Хартиясы»  жазылып, артынша қабылданса, Еуропа нарығына тұрақты түрде мұнай мен газ тасымалдауға негіз болар еді, және Қазақстанның құбыр желісін дамытуға септігін тигізер еді.

«Бүгінде Қауымдастыққа мүше бірнеше компания Шығыс Еуропа арқылы Балтық теңізінің порттарына шикізат тасымалдауда айтарлықтай логистикалық қиындықтарға тап болып отыр. Хартияны жазғанда транзиттік мемлекеттермен ара-қатынастың механизмдері мен принциптерін нақтылап алу керек»,- деп атап өтті Нұрлан Утенов.

Қауымдастық мүшелері «Қазақстан-ЕО:2020 Энергетикалық Хартиясын» жазуда салалық министрлікпен бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендігін мәлімдеді.


Ақпарат: «KAZENERGY»  Қауымдастығының шеңберінде мұнай-газ саласының барлық бағыттарын қамтитын 11 Үйлестіру Кеңесі жұмыс атқарады. Олардың жұмысы жайлы ақпаратты www.kazenergy.com сайтынан оқи аласыздар.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту