Білім беру, маман даярлау және ұжым басқару істері бойынша Үйлестіру Кеңесінің отырысы

размер шрифта: Aa | Aa
02.02.2011 22:00

Білім беру, маман даярлау және ұжым басқару істері бойынша Үйлестіру Кеңесінің отырысы 

Баспасөз баяны. 31 қаңтар, Астана қаласында «KAZENERGY» Қауымдастығының Білім беру, маман даярлау және ұжым басқару бойынша Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
«ҚазМұнайГаз», «Тенгизшевройл», NCOC, KPO, Hulliburton сияқты ірі мұнай-газ компанияларының HR менеджерлері мен Білім және ғылым министрлігі және «PSA» ЖШС өкілдері бас қосып, Қазақстандағы техникалық және кәсіби білім беру жүйесін талқыға салды.

Үйлестіру Кеңесінің тең төрағасы, «Career Holdings» кадр агенттігінің Бас директоры Асан Нұғманов Қауымдастық мүшелерін кәсіби білім жүйесін дамытуға белсене араласуға шақырды.

Қазір елімізде Ұлттық квалификациялық жүйе қалыптаспаған.Кеңес дәуірінен қалған ЕТКС анықтамалары мұнай-газ саласындағы қызметкерлерге қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Республикада мұнай-газ саласының мамандарын дайындайтын 57 оқу орны бар. Алайда бұл оқу орындарының түлектері шетелдік мұнай-газ компанияларының талаптарына сай емес. Нәтижесінде, қазақстандық мамандарға көңілі толмаған инвесторлар қызметкерлерді шетелден алып келеді, не болмаса өз компанияларында кәсіби біліктілік орталықтарын ашуға мәжбүр болады.

Мемлекеттік білім беру жүйесінің қызметіне кедергі болатын тағы бір фактор – кен игеруші компаниялар болашақта қай мамандық иелерін, қанша көлемде қажет ететінін нақты болжап айта алмайды. Мұнай-газ саласындағы кадрлардың сандық және сапалық қажеттілігін анықтайтын нақты методика жоқ.

Пікірталас қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласында маман даярлайтын оқу орындарын жан-жақты сараптау ұсынылды. Сонымен қатар, елімізде кәсіби-техникалық білім беру жүйесін дамыту бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. NCOC Адам ресурстарын басқару департаментінің бас менеджері  Фил Кэмпбелл  жаңадан құрылатын жұмыс тобын басқаруға келісім берді.

Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – Мұнай-газ саласы үшін кадрларды даярлау жөніндегі Атырау аймақтық кәсіби орталығының үлгісімен аймақтық кәсіби орталықтарды басқару концепциясы.

Атыраудағы кәсіби орталық 2011 жылы ашылуы тиіс. Жоспар бойынша, алғашқы кезеңде орталықтың стратегиясын анықтап, бағыт-бағдарын айқындау үшін мемлекеттік құрылымдар мен инвесторлардан тұратын Қамқоршылар кеңесі құрылады. Сонымен қатар, орталықтың күнделікті қызметін үйрлестіру үшін Басқарушы консорциум және Аудит қызметі құрылады.


Үйлестіру кеңесінің отырысында Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіби білім беру департаментінің директоры Қадірбек Бөрібеков атап өткендей, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту үшін инвесторлар мен мемлекеттік құрылымдар жұмыла жұмыс істеуі керек.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту