Баспасөз баяны

размер шрифта: Aa | Aa
23.12.2010 22:02

Қазақстанның ірі мұнай-газ компаниялары Үкіметке өтініш білдірмекші. Мұнайшылар «Шетелдік жұмыс күшін шақыруға рұқсат берудің  тәртібі мен шарттары, және квотаны анықтау ережесіне» енгізілетін өзгерістерді шегере тұруды сұрамақшы. Бұл туралы 22.12.2010.  өткен «KAZENERGY» Қауымдастығы Білім беру, кадр дайындау және қызметкерлерді басқару бойынша Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында NCOC, «Тенгизшевройл» сияқты кен игеруші компаниялар мәлімдеді.

        2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Үкіметі «Шетелдік жұмыс күшін шақыруға рұқсат берудің  тәртібі мен шарттары, және квотаны анықтау ережесіне» өзгерістер енгізбекші. Бұл жағдайда компаниялардағы 1-ші категориялы қызметкерлердің 70%, ал 2-3 категориялы қызметкерлердің 90% жергілікті мамандар болуы тиіс. Сонымен қатар, Үкімет шетелдік қызметкерлерді жалдауға тыйым салмақшы. Яғни, рекрутинг агенттіктерінің қызметі шектеледі. Ал, «Қашаған», «Теңіз» сияқты ірі жобаларды іске асырып отырған компаниялардың айтуынша, Қазақстанда 10 – 20 мың шетелдік қызметкер жалданып жұмыс істеп жүр. Әдетте жалдамалы қызметкерлер – өте білікті, таптырмас мамандар. Егер олардың жұмысына тыйым салынса, жүзеге асырылып жатқан жобаларға зиян келеді. «Ережеге өзгеріс енгізіліп, бірден ол ережені орындауды талап етсе, біз қосымша шетелдік қызметкерлерді шақыру құқығынан айырыламыз деген сөз, ал бұл Қашаған жобасына кеселін тигізеді»,-деді NCOC компаниясы корпоративті қызмет департаменті директорының орынбасары Алан Дебри.

     Осы себепті мұнай-газ компаниялары «KAZENERGY» Қауымдастығының атынан Үкіметке хат жазып, ережелерге өзгеріс енгізуді 3-6 айға шегеруді сұрап отыр. Осы уақыттың арасында кен игеруші компаниялар жаңа талаптарға өту жоспарын құрып алмақшы.


      Үйлестіру кеңесінде қызу талқыланған тағы бір мәселе – кәсіби стандарттар. Қазақстан Республикасында әлі күнге дейін кәсіби стандарттарды бекіту методологиясы жоқ. Еуропалық метологияға негізделіп «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК мамандары  мұнай-газ саласындағы 55 кәсіп пен оған қатысты 160 қызметтің кәсіби стандарттарын жазып болды. Бұл туралы Үйлестіру кеңесінде «ҚазМұнайГаз» АҚ  ҰК Адам ресурстары департаментінің директоры Шолпан Ержігітова мәлімдеді. Қазір «ҚазМұнайГаз» жазған  стандарттарды «Тенгізшевройл», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» және «Маңғыстаумұнайгаз» компанияларының мамандары сараптамадан өткізіп жатыр.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту