Мұнай-газ және энергетикалық компаниялар арасында «Ар-Намыс» байқауы өтеді

размер шрифта: Aa | Aa
08.08.2011 14:27

VI Еуразиялық форум  аясында энергетикалық сектор компанияларының арасында «Ар-Намыс» байқауы өткізіледі.

Оны Орталық Азиядағы Еуразия қоры мен «KAZENERGY» қауымдастығы ұйымдастырып отыр.  Бұл байқауға өтініштер қабылдау  15 қыркүйекке дейін созылады. Оның қорытындысы  4 қазан күні жарияланады. Байқауда жеңімпаздар төрт аталым бойынша марапатталады. Онда:  «Қоршаған ортаны қорғау», «Үздік әлеуметтік инновациялық жоба», «Тұрақты әлеуметтік ұстаным», және әділқазыларының қарауымен тағы бір аталым қосылмақ.  Тәуелсіз сараптамашылар кеңесінің құрамына азаматтық сектордың, халықаралық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының ғалымдары  мен бизнес құрылымдарының  өкілдері еніп отыр. Байқауға қатысушы барлық жобалар VI Еуразиялық  форумда көрсетіліп,  www.kazenergyforum.com сайтында халықтың назарына ұсынылады.

АЛМАТЫ. 8 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту