«Қалам қуаты» атты 3-ші республикалық журналистік шеберлік байқауына өтінімдер қабылдау мерзімі 26 қыркүйекке дейін ұзартылды

размер шрифта: Aa | Aa
13.08.2011 16:01

alt«Қалам қуаты» атты 3-ші республикалық журналистік шеберлік байқауына өтінімдер қабылдау мерзімі 26 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қоғаммен байланыс департаменті.

БАҚ өкілдерінің көптеген өтініштеріне байланысты Ұйымдастыру комитеті «Қалам қуаты» атты 3 -ші республикалық журналистік шеберлік байқауына өтінімдерді қабылдау мерзімін 2011 жылдың 26 қыркүйегіне дейін ұзартты.

БАҚ өкілдерінің көптеген өтініштеріне байланысты Ұйымдастыру комитеті «Қалам қуаты» атты 3 -ші республикалық журналистік шеберлік байқауына өтінімдерді қабылдау мерзімін 2011 жылдың 26 қыркүйегіне дейін ұзартты.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, байқаудың негізгі мақсаты ҚР мұнай-газ саласының жетістіктеріне жұртшылықтың назарын аудару, Қазақстан мұнай-газ саласы компанияларының ақпараттың ашықтығы бойынша қызығушылығын арттыру, мұнай-газ тақырыбында қалам тербейтін еліміздің БАҚ арасында адал достық бәсекелестікті қолдау, сонымен қатар бірыңғай медиа кеңістігі үлгісін жасау болып табылады.

Байқауға республикалық, облыстық және қалалық, аудандық газеттердің редакция ұжымдары, телерадиокомпаниялар, аймақтық және республикалық БАҚ жұмыс істейтін жеке ізденушілер - журналистер, (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер), сонымен қатар материалдары жарық көрген не болмаса теле және радиохабарларында пайдаланылған басқа да авторлар қатыса алады.

Биыл «Қалам қуаты» мына аталымдар бойынша өткізіледі:

  • Гран-при;
  • республикалық телеарнада эфирге шыққан мұнай-газ тақырыбындағы үздік ТВ бағдарлама/ арнайы репортаж;
  • үздік фоторепортаж;
  • үздік радиобағдарлама;
  • республикалық БАҚ жарық көрген үздік материал;
  • аймақтық баспа БАҚ қазақ тілінде жарық көрген үздік материал;
  • аймақтық баспа БАҚ орыс тілінде жарық көрген үздік материал;
  • үздік студенттік жұмыс;
  • үздік блоггер;
  • мұнай-газ саласының тарихы туралы үздік материал;

Гран-при жүлдесінің қоры 300 000 теңгені құрайды, әр аталымда - 200 000 теңге.

Байқауға жаңа аталымдар енгізу мұнай-газ тақырыбында қалам тербейтін журналистер арасында new-media (блоггинг, мобильді журналистика) прогрессивті түрлерін таратуға, сонымен қатар БАҚ- ындағы жас мамандардың мұнай-газ тақырыбында материалдар жазуына мүмкіндік береді.

«Конкурсқа 2011 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызынан 2011 жылдың қыркүйек айының 25 жұлдызына дейін газеттерде және басқа да тіркелген БАҚ, сондай-ақ Интернет БАҚ жарық көрген, теле-радиода эфирге шыққан материалдар қабылданады. Өтінімдер 2011 жылдың 26 қыркүйегіне дейін қабылданады», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту