Новогоднее поздравление Тимура Кулибаева

размер шрифта: Aa | Aa
30.12.2010 18:34
Құрметті әріптестер мен Қауымдастық мүшелері!

Жаңа 2011 жылмен баршаңызды  шын жүректен құттықтаймын!
 
2010 жыл «KAZENERGY» Қауымдастығы үшін өте табысты да маңызды жыл болды.

«Евразияның энергетикалық картасы:  тәуекелдер мен жаңа мүмкіндіктер» деп аталған V Евразиялық «KAZENERGY» форумы өтті. Бұл жиын сала мамандарының назарын энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне аударып, евразиялық энергетика шеңберіндегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді.

Қауымдастық 2012 жылы Дүниежүзілік мұнай кеңесі Атқарушы комитетінің кезекті отырысын Астанада өткізетін болып келісті. Бұл мұнай-газ саласындағы еліміздің беделін әлемдік деңгейде мойындатумен пара-пар.
 
Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеруде, Евразия құрлығының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін трансшекаралық мұнай және газ құбырларын салуда  шетелдік әріптестермен ынтымақтастық дамып келе жатыр.

«KAZENERGY» Қауымдастығы Канаданың Монреаль қаласында өткен Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің конгрессі мен энергетикалық құрылғылар көрмесіне қатысты. Бұл – әлемдік энергетиканың дамуында ерекше орын алатын жиын.

Дүниежүзілік энергетика кеңесімен «Ғаламдық серіктестік» туралы келісімге қол қойылды. Бұл  - екі жақты диалог пен серіктестікті дамытуға деген құлшынысымыздың тағы бір айғағы.

2010 жылы Қауымдастық 5 жылдық мерейтойын атап өтті. Аз уақыттың ішінде Қауымдастық Қазақстан Республикасы жанар май-энергетикалық комплексінің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін қыруар жұмыс атқарды.  Осының арқасында бүгінде мұнай-газ және энергетика салалары табысты жұмыс жасап, ел экономикасын модернизациялауға үлес қосып жатыр.

Жаңа 2011 жылы табыс пен шығармашылық шабыт, кәсіби жетістіктер тілеймін. Межелеген жоспарларыңыз жүзеге ассын!
Денсаулық пен ізгілік тілеймін!

Құрметпен,
KAZENERGY қауымдастығының төрағасы                               Тимур Құлыбаев

 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту