Қазақстанда алғашқы рет мемлекетаралық электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық өтті

размер шрифта: Aa | Aa
09.12.2010 19:58

Қазақстанда алғашқы рет  «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық оперторы» (КОРЭМ)  акционерлік қоғамының сауда алаңында «Электр станциялары» ААҚ (Қырғыз Республикасы) мен Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында мемлекетаралық  электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық өтті.

Сауда-саттық қорытындылары бойынша 2010 жылдың желтоқсанында  жалпы көлемі 37,2 млн. кВт*с электр энергиясын жеткізуге екі мәміле жасасты.
    Жүйелік оператор «КЕGОС» АҚ екі елдің жүйеаралық қатынастарын және мемлекетаралық электр энергиясы жеткізілімдерін  дамытуға септігін  тигізуде.
    Сауда-саттықтың биржалық принциптерімен жұмыс істейтін Орталық Азия елдерімен Ортақ сауда алаңын ұйымдастыру мен қолданысқа енгізу және сауда-саттыққа Орталық Азияның басты компанияларын тарту  Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005-2007 жылдардағы жылсайынғы жолдауын іске асыру   бойынша Жалпы ұлттық негізгі бағыттар  (іс-шаралар) жоспары мен  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдаламасын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарымен анықталды.
    Бұл оқиға Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық электр энергиясы нарығын ұйымдастыру мен қызмет етуіндегі маңызда қадам  және Қазақстан Республикасы электр энергиясы нарығының жаңа даму деңгейіне көшуінің белгісі болып табылады.

    Анықтама: «Электр станциялары» ААҚ Қырғызстандағы негізгі электр- және жылу энергиясын өндіруші болып табылады. «Электр станциялары» ААҚ Тоқтағұл ГЭС каскадына кіреді (қуаттылығы 1200 МВт Тоқтағұл ГЭС-і, қуаттылығы 800 МВт Курпсай ГЭС-і), Салынып жатқан ГЭС кәсіпорны (қуаттылығы 180 МВт Үш-Қорған ГЭС-і, қуаттылығы 450 МВт Таш-Кумыр ГЭС-і, қуаттылығы 240 МВт Шамалды-Сай ГЭС-і), АТ-Башы ГЭС-і, Бішкек қаласының ЖЭО және ОШ қаласының ЖЭО.

«КОРЭМ» АҚ-ның баспасөз хабарламасы.
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту