Астана қаласында мұнай-газ өнеркәсібіндегі салалық комиссияның алғашқы отырысы өтті

размер шрифта: Aa | Aa
23.11.2010 20:01
Баспасөзге хабарлама. Астана қаласында  мұнай-газ өнеркәсібіндегі салалық комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Салалық комиссияның басты мақсаты  - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, мұнай-газ өндірісі жұмысшыларының кәсіподағы және мұнай-газ компанияларының арасында 2011-2013 жылдарға арналған салалық келісім-шарттың жобасын дайындау.  Бұл келісім-шарт мұнай-газ секторындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді. 
   Салалық комиссияға әр тараптан 7 адамнан мүше. Мұнай және газ министрлігінің атынан салалық комиссияда вице-министр Әсет Мағауов бастаған мамандар өкілдік етеді. Кәсіподақтар тарапынан комиссияға 58 ұйымның жұмысшыларын біріктіретін «Казнефтегазпрофсоюз»  басшысы Тілекқабыл Қабдулов және «КазГермунай», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В», «Эмбамұнайгаз», «Өзенмұнайгаз» сияқты компаниялардың кәсіподақ басшылары кіреді. Мұнай-газ компанияларының тарапынан «ҚазМұнайГаз»  АҚ ҰК мен оның еншілес компанияларының басшылары мен мамандары мүше.  Салалық комиссияның жұмысын үйлестіруге  «KAZENERGY» қауымдастығы жауапты.

    Алғашқы жиында үш тараптың өкілдері салалық келісім-шарттың жобасындағы әрбір бапты талқылап шықты. Бұл құжат жұмысшы мен жұмыс берушінің өзара қатынасы мен жауапкершілігі, еңбек ақысы, жұмыс уақыты мен демалыс, еңбек шарттары, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау, өтемақылар мен жеңілдіктер, кәсіподақтардың құзыреті сияқты өзекті мәселелерді қамтығандықтан, отырыс қызу пікірталасқа айналды. Дегенмен,  мұнай-газ саласындағы бұл комиссияның мүшелері 2011 жылға дейін даулы мәселелер бойынша мәмілеге келіп, салалық келісім-шарттың жақын арада қабылданатынына сенімді. 
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту