Баспасөзге хабарлама. «KAZENERGY» Қауымдастығының Киото хатаммасы мен Посткиото келісімдерін іске асыру жөніндегі жұмыс тобының отырыс өтті

размер шрифта: Aa | Aa
22.11.2010 20:03
KAZENERGY Қауымдастығы Қазақстанның энергетикалық секторының тұрақты дамуын мақсат тұтады. Сонымен қатар, Қауымдастыққа мүше компаниялардың өзара ынтымақтастығын одан әрі жандандыруға пейіл білдіреді. Осы қам-қарекеттің арқасында, 2010 жылдың 2 маусымында Қауымдастық Кеңесінде мұнай-газ және энергетикалық компаниялардың Киото хаттамасы мен Посткиото келісімдеріне лайық, іс-әрекет жүргізу және қызметін үйлестіру жөнінде мәселе көтерілді.
Қауымдастық жұмыс тобын құрды. Құрамына осы істі реттеп, үйлестіретін жауапты министрліктердің қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Сенат пен Мәжіліс депутаттары және KAZENERGY Қауымдастығына мүше компаниялардың өкілдері кірді. Топтың негізгі міндет-мақсаты: Киото хаттамасы мен Посткиото келісімдерін зерттеп, кәдеге жарату.

Отырыс кезінде сарапшылар ұлттық жүйені қалыптастыру мүмкіндіктерін пысықтады. Оның сыртында парниктік газды саудалауға мұрсат беретін арнайы заңнамалық құжаттардың құрастырушылары да ой бөлісті.

Жұмыс тобы басқосудың екінші бөлігінде сан алуан өндірістік іс-әрекеттерден ауаға тарайтын парниктік газды есептеудің тың амал-есептерін талқылады.  Әңгіме болған тағы бір мәселе – «Экологиялық мәселелер жайлы кейбір құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы. Парниктік газдардың таралуын реттейтін іс-әрекеттердің жаңа заңда толық көрсету қажеттігі айтылды. Топтың жұмыс жоспары бекітіліп, «ҚазақКарбон» компаниясымен тізе қосып, шаруа атқарылатын болды.

Әңгіме барысында жұмыс құжаттарын әзірлеу қажеттілігі айтылды. Қабылданған құжаттың негізінде кәсіпорындар парниктік газдың мөлшерін азайту жобасын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады. Қатысушылар «ҚазақКарбон» компаниясын кеңесші компания ретінде іріктеп алды. Оларға оқыту, ақпарат тарату, жобалық механизм мен қалдықтарды сатудың отандық жүйесін әзірлеу ісі  жүктелді.
 
Нәтижесінде, KAZENERGY қауымдастығы аясында  Киото хаттамасы мен посткиотолық келісімдердің жүзеге асуын және отандық мұнай-газ және энергетикалық компаниялардың мүддесін қорғайтын арнайы бюро құру туралы шешім қабылданды.
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту