Астанада 2012 жылы Дүниежүзілік мұнай кеңесі өтеді

размер шрифта: Aa | Aa
22.10.2010 20:06

Бейжіңде қазанның 21-ші жұлдызында Дүниежүзілік мұнай кеңесі атқару комитетінің кезекті отырысы өтті.  Мәртебелі ұйымның қаулысымен 2012 жылы жетінші KAZENERGY Еуразия форумының аясында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің жылдық отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. 

     Қазанның 19-21-і күндері Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің шаһарында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (ДМК)  атқару комитеті мүшелерінің жиыны ұйымдастырылды.
     Мәртебелі басқосуға - ДМК атқару комитетінің отырысына Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі, KAZENERGY Қауымдастығының бас директоры Жамболат Сәрсенов қатысты.
     Қазақстан KAZENERGY Қауымдастығының бастамасымен Дүниежүзілік мұнай кеңесіне 2008 жылы мүшелікке қабылданды.
ДМК мүше мемлекеттердің өкілдері Кеңестің белсенді қызметін одан әрі жандандыру мақсатын пысықтады. Сонымен бірге, Қатар астанасы Дохада (2011 жылы 4-8 желтоқсан) өткізілетін 20-шы Дүниежүзілік мұнай конгресінің бүгінгі дайындық барысы әңгіме болды. Қазіргі дерекке сәйкес, конгреске 4 жарым мыңнан аса делегат қатысуға ниет білдіріп отыр. Олардың арасында 50-ден аса мемлекеттің салалық министрлік пен ведомство басшылары, топ-менеджерлер, беделді сарапшылар бар.  Жиырмасыншы конгрестің аясында халықаралық ірі көрме ұйымдастырылады. Оған 500-ден аса әлемге аты әйгілі компаниялар қатыспақшы. 
     KAZENERGY Қауымдастығының бас директоры Жамболат Сәрсеновтың айтуынша, форумның негізгі мақсаты – мұнай өндірісіне қажетті тың ғылыми және инновациялық технологиялардың дамуына жол ашу. Экономикалық тиімділік, басқару механизімдерін меңгеріп, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті күшейтудің халықаралық үлгілерін үйрету. Атқару комитетінің шешімімен Дүниежүзілік мұнай конгресі (Доха, 2011 жыл: 4-8 желтоқсан) кезінде Қазақстандық министрлік сессия өткізілетін болды. 
     Осылайша, халықаралық әріптестердің назарын Қазақстан мұнай кешенінің бүгінгі даму қарқынына аударып, еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін тағы бір мәрте паш етуге мүмкіндік туады.
     Айта кетерлік тағы бір жәйт, ДМК атқару комитеті 21-ші Дүниежүзілік мұнай конгресін 2014 жылы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өткізетін боп ұйғарды. Жиынға қатысушылар Ресейдің энергетикалық қауіпсіздікті күшейтіп, бүгінгі халықаралық аренадағы беделі мен ықпалын мойындап отыр.
     Атқару комитеті ДМК жылдық отырысын Астанада 2012 жылы жетінші KAZENERGY Еуразия форумы кезінде өткізу туралы да қарар қабылдады. Жамболат Сәрсеновтың пікірінше, Бейжіңде қабылданған шешім WPC (ДМК) мәртебелі ұйымға мүше мемлекеттер мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың одан әрі жақсарып, күшеюіне серпін береді. Әрі отандық энергетикалық кешеннің тұрақты дамуының кепілі. 

     Дүниежүзілік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) 1933 жылы құрылды. Ұйымға 60-тан аса  мемлекет мүше. ДМК негізгі мақсаты – мұнай саласына қатысы бар елдердің бір-бірімен еркін ақпарат алмасуына мүмкіндік беру. Қазақстан 2008  жылы KAZENERGY Қауымдастығының бастамасымен Дүниежүзілік мұнай кеңесіне мүше боп қабылданды.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту