Астана қаласында қыркүйектің 28-ші жұлдызында KAZENERGY Қауымдастығының заң шығару және салық салу ісі жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті

размер шрифта: Aa | Aa
29.09.2010 20:09
Астана қаласында қыркүйектің 28-ші жұлдызында KAZENERGY Қауымдастығының заң шығару және салық салу ісі жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Басқосуға Мәжіліс депутаттары, Мұнай және газ министрлігінің, Салық комитетінің, салық кеңесшілері Палатасының өкілдері, мұнай-газ компанияларының басшылары, есепшілер мен салық менеджерлері қатысты. Сонымен бірге, жиында «OlympexAdvisers» ЖШС, «PriceWaterHouseCoopers» және KPMG компанияларының  өкілдері де болды.
 
Кеңесте пысықталған басты мәселе - салық туралы заңға өзгертулер енгізу. Әсіресе, акцизделетін тауарлар тізімінен мұнай өнімдерін алып тастау қажеттігі айтылды. Бұл істің бүге-шігесін тараптар терең талқылап, бірнеше мәрте ақылдасқаны да бар. Осы ретте, «KAZENERGY» Қауымдастығының атқарушы директоры Н.Өтеновтың айтуынша, тың ұсыныстар заң жобасыны енгізіліп, құжат енді Үкімет қарауына жолданып отыр.

Айта кетерлік жәйт, жиында ірі салық төлеушілермен қарым-қатынас жүргізуге мүмкіндік беретін сан алуан ұсыныстар айтылып, салық заңнамасын кешенді түрде реформалауға жол ашатын жаңа жоба да көрсетілді. «Салық Кеңесшілерінің Палатасы» деп аталатын қоғамдық бірлестіктің жетекшісі А. Хорунжий бұл ұзақ мерзімге шақталып әзірленген құжат деп отыр. Жыл басынан бері қоғамдық ұйымдар өзге де қауымдастықтармен сан мәрте жиындар шақырып, істі пысықтады. Жаз айларында «НұрОтан» ХДП –ның мүшелеріне жолығып, олардың жан-жақты қолдауына ие болды. Партия өкілдерінің пікірінше, бұл бастама сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесімен үндеседі. Қауымдастық мүшелері ұсынысты мақұлдап, мәселені қаузай түсу қажеттігін сезініп отыр.

Кеңесте ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру ісін жалғастыруға серпін берер экономикалық ахуал қалыптастыру қажеттігі де сөз болды. «Мұнай және газ институты» бас директорының орынбасары Д. Қожабековтың айтуынша, ғылыми зерттеу жүргізуге тапсырыс берушілерді және тапсырыс орындаушыларға тұщымды жәрдем қажет. Сондықтан, бұл саланы да назардан шығармай, «Инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету» туралы заңға, «ҚР Ғылым» туралы заңына тиісті өзгертулер жасау керек деген ұсыныс түсті. 

Үйлестіру Кеңесінде 2011 жылдың қаңтар айынан бастап экспорттық кедендік төлем мөлшерін ұлғайту мәселесі  қозғалды. Жиынға қатысқандар ол төлемнің бара-бара екі есе артуы мазалайды деді. Салық салу ісін де тұрақсыздық байқалады. Мұндай іс-әрекет инвесторлардың ойын бұзып, Үкімет пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының ұлттық компанияларды  IPO-ға шығарамыз деген жоспарын бұзу мүмкін екендігі айтылды.

«Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ өкілдері, экспорттық кедендік төлем бірқатар аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын реттеп отырған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобына кері әсерін тигізеді деп есептейді. Оның ойынша, Қазақстанға қаржы құймақ жоспары бар шетелдік инвесторларды райынан қайтарып, мемлекеттің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының іске асуына кедергі болар бастама болғалы тұр.

Жиында KAZENERGY Қауымдастығы жүргізген сауалнама қорытындысы  жарияланды. Нәтижесінде Экспорттық кедендік төлем кен өндіруші компаниялар үшін күтпеген, тосын хабар болғаны хабарланды. Мұндай шешімдер компанияның есеп-қисабын жүргізіп, әлеуметтік жобаларға қаржы бөлу ісін қиындатады. Ал, кен ауыр игерілетін компаниялардың шығынға ұшырау қаупі артады.

Жиын соңында қатысушылар ҚР Үкіметіне жолдау жіберіп, бұл істі тағы да бір пысықтауды сұрайтын боп шешті.
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту