KAZENERGY Қауымдастығының Бас директоры Ж.Ж. Сәрсеновтың Норвегиялық INTSOK мұнай-газ өнеркәсібі серіктестерінің қауымдастығымен кездесу кезіндегі баяндамасы

размер шрифта: Aa | Aa
02.09.2010 20:10

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасы және Норвегия Патшалығы өзара әрекет ететін барлық салаларда ынтымактастыкты белсенді түрде күшейте отырып, сенімді серіктестер болып табылады. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап біз екіжақты қарым қатынас орнаттық. KAZENERGY қауымдастығы және Норвегиялық INTSOK мұнай-газ өнеркәсібі серіктестерінің қауымдастығы арасындағы ынтымақтастыққа қол қою екіжақты диалогтың тиімділігін растайтын бірден-бір көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Мұнай-газ және энергетика саласындағы екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқандығын ескере отырсақ, бұл мәселе аса маңызға ие болады.

Соңғы жылдар аралығында Қазақстан және Норвегия энергетикалық серіктестіктің негізгі бағыттары бойынша өзара қарым-қатынастың ары қарай ілгерілеуі үшін тұрақты негіз құрды.

Норвегия Қазақстанның мұнай-газ және энергетика саласының ірі инвесторы болып табылатындығын атап айтқым келеді.

Елімізде республикамыздың аталып өткен салаларының даму қарқынына айтарлықтай пайдасын тигізетін Статойл, Акер Солюшинз және тағы басқалары сияқті бірқатар норвегиялық компаниялар қызмет атқарады.

Өз кезегінде, қазақстандық ҚазМұнайГаз компаниясы Солтістік теңіздің норвегиялық шельфіндегі «Белый медведь» және басқа да жұмыс жобаларын қарастырып жатыр.

Біздің мемлекеттеріміз ғаламдық энергетикалық қатынастар жүйесінің ірі қатысушылары болып табылады, жәнеде оның тұрақтылығын және орнықтылығын қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, Қазақстан Норвегияның экономикалық, мұнай-газ және энергетика саласын қоса алғандағы жетістіктерін жоғары бағалап отыр.

Біздің еліміз Норвегияның мұнай-газ шикізатын өндіру және барлау, табиғатты пайдалану, алдыңғы қатарлы шешімдер ретінде, пайдаланылуы аса маңызды болып табылатын, кадрлар даярлау тәжірибесін және техникалық жетістіктерін өзіне үлгі тұтады.

Қазақстан, KAZENERGY Қауымдастығының қолдауымен, аталмыш мүмкіндіктерді толығымен пайдаланбақшы.

KAZENERGY Қауымдастығы және INTSOK Қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум біздің бірлестіктер арасындағы практикалық қарым-қатынасты белсендетуге жақсы мүмкіндік береді.

Біз Меморандум шеңберінде инновациялық әдістер мен технологияларды бірігіп алға тартуды, қазақстандық мамандарды даярлауға көмек көрсетуді, деректер мен ақпараттар алмасуды жәнеде KAZENERGY Қауымдастығы және INTSOK Қауымдастығы үшін екі жаққа да қызықты болып табылатын басқа да шараларды жоспарлап отырмыз.

Меморандумға қол қою шарасы біздің бірлестіктер арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік жолындағы мықты негіз болды.

Осыған орай, норвегиялық серіктестерімізге танытқан жігерлеріңіз үшін алғысымызды білдіріп, Қазақстан Республикасы және Норвегия Патшалығының игілігі жолындағы бірігіп күш қосуды болашақта да жалғастыруға деген үміт білдіргіміз келеді.

Аталмыш жағдайды пайдалана отырып, норвегиялық жақты, Қазақстан астанасы – Астана қаласында 2010 жылдың 5-6 қазанында өтетін, 5-і KAZENERGY Еуразиялық форумы шеңберінде өзара тиімді диалогты жалғастыруға шақырғымыз келеді.

Энергетика және халықаралық энергетикалық ынтымақтастық саласындағы ірі аймақтық форум болғандықтан, жоғарыда аталып кеткен оқиға қосымша жанасу нүктелерін табу және практикалық қарым-қатынасты орнату үшін жақсы мүмкіндік туғызады.

Қорытындылай келе, Сізге жұмыста табыс, үлкен жетістіктер және бастамаларыңыздың бәрінің орындалуын тілеймін!

Назарларыңызға рахмет!

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту