«Еуразияның энергетикалық картасы: тәуекел және тың мүмкіндіктер» - KAZENERGY 5-ші Еуразиялық Форумының тақырыбы

размер шрифта: Aa | Aa
28.06.2010 20:11

KAZENERGY 5-ші Еуразиялық Форумы 2010 ж. қазан айының 5-6 жұлдызында Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайында өтеді. Бүгінде Форумның негізгі тақырыбы бекітілген: «Еуразияның энергетикалық картасы: тәуекел және тың мүмкіндіктер». Форумға қатысушыларды, Қауымдастық серіктестері мен БАҚ өкілдерін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін www.kazenergyforum.com арнайы сайты ашылды.

Қауымдастық ұсынып отырған мынадай тақырыптар бойынша пікірталас өтеді:

- Әлемнің энергетика картасындағы Қазақстанның ролі;
- Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығатын қорытындылар: Еуразия аймағындағы энергетика саласының болашағы;
- Қазақстанның инвестициялық потенциалы: стратегиялық альянстардың ролі мен жаңа мүмкіндіктер;
- Тасымалдау бағыттарын диверсификациялау: энергоқауіпсіздік мәселелерін шешу;
- Мұнай-газ және энергетика салаларындағы технологиялар мен заманауи шешімдер: техногендік қауіпті азайту;
- Ауа-райының өзгеруі, энергияны үнемдеу және энергия пайдасы: жаңа көзқарас.

Еуразия Форумын өткізуші – KAZENERGY Қауымдастығы. 2010 жылғы Еуразиялық Форумның бас демеушілері – «Тенгизшевройл» және «КазРосГаз» компаниялары.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту