«Атамекен» ҰЭП Президиум Төрағасы, «KAZENERGY» Қауымдастығының Төрағасы Т.А.Құлыбаевтың Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде сөйлеген сөзі

размер шрифта: Aa | Aa
24.06.2010 20:12
Конгерстің негізгі мақсаты - отандық бизнесті жан-жақты қолдауға мүмкіндік беретін көптеген тың ойларды жүзеге асыру.  
Осы күні экономикалық саясаттың даму қарқыны - Кедендік Одақпен тығыз байланысты. Себебі, мұның бәрі Біртұтас экономикалық кеңістікті құрудың алғы шарттары.  Одақ - барыс-келісті жақсартып,  интеграциялық бастамаларды іске асыруға пәрмен береді. Отандық кәсіпкерлердің жаңа нарыққа шығуына жол ашады.
    
Дегенмен, Кедендік Одақтың аясы кеңейіп, бара-бара біртұтас экономикалық кеңістікке айналар болса, мемлекеттік экономикалық саясаттың тиімділігін арттырар бір дүниені естен шығармауымыз керек. Ол бизнес жүргізуге барынша мұрындық болар бәсекелестік мәселесі. 
    
Жалпы алғанда, үкіметтің ұсынған дағдарыстан шығу амалдары пайдалы (ұтымды) болды десек қателеспеспіз. Соңғы жылдары салықтың салмақ үлесі кеміді. Әкімшілік кедергілер мейлінше, азайтылып жатыр. Дағдарыстан шығу бағдарламасына қайта оралар болсам, ірі банктердің сыртқы қарыздарын реструктуризациялау толығымен аяқталуға жақын. Жұмыссыздыққа жол берілген жоқ. 2020 бизнес жол картасына сай, көптеген нақты шаруалар істелді. Мұның бәрі ауқымды жұмыс.
    
Әлбете, дағдарыстың әсері бар. Көптеген ірі компаниялар қарызға батып, одан шыға алмай қиналып қалды.
    
Кәсіпорындардың басым көпшілігі өз қарыздарын өтей алмай әуре боп жатыр. Кепілге қойған мүліктің де құны күрт арзандап кетті. Банк жүйесінде қайтарымсыз, күйіп кеткен шығынның мөлшері 19 млрд АҚШ долларына тең.  Бұл барлық қарыздың 30 пайызына пара-пар. Сырттан несие алу мүмкін емес. Таяу мезгілде қаржы бөледі дегенге де сену қиын. Сондықтан, бизнесті дөңгелетуге ауадай қажет қаражатқа көп кәсіпкер зәру.
    
Кәсіпкерлікті дамытуға серпін берер тағы да бір бастама бар. Ол - кәсіпкерлікті қолдау туралы заңдар. Сапалы әрі әділ заңдар кәсіпкердің өз құқықтарын жақсы танып, дүние-мүлкін аман сақтап қалуға жағдай жасау керек. Сот жүйесінің тұрақтылығы да өте маңызды.
    
Баршаңызға мәлім, ақпан айында Президент жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің отырысында «Атамекен» бизнес пен билік арасын жақындатып, ашық пікірлер айтылатын орта керектігін қадап айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен сәуірдің 14-інде - ҚР Үкіметінің жанынан кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі біртұтас үйлестіру кеңесі құрылды. Құрамына Үкіметтің белді мүшелері, көптеген даму институттарының басшылары, кәсіпкерлік бірлестіктердің өкілдері кірді. Премьер министр Кеңесті өзі басқарады. Қазір кеңестің аясында 7 жұмыс тобы істейді. Бизнес жол картасы, экономика саласына қатысы бар заңдарды гуманизациялау, Кедендік Одақ пен әкімшілік кедергілерді азайтуды көздейтін жұмыс топтары бар. Олардың қызметіне «Атамекеннің» сарапшылары белсене жәрдемдесіп жүр. Тың мәліметтер мен өзгерістер жайлы экономикалық палатаның өкілдері тұрақты түрде құлақтандырып отырады. «Атамекен» бұл жерде кәсіпкерлік орта мен Кеңестің арасын қосар көпір іспетті.
    
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін жүйелі ұсыныстар мен іс-әрекеттер керек. Әкімшілік қиындықтарды азайтып, құқықтық жағдайын екшеп, қаржы алу мүмкіндігін зорайту қажет. Ал, ірі компанияларға арнайы жағдай қарастырған жөн. «Атамекен» үлкен-үлкен 100-150 компанияның тізімін  жасақтады. Оларға жан-жақты көмек көрсету амалдарын пысықтамақ ниетпен, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен меморандумға қол қою жоспарланып отыр. 

Баршаларыңызға сәттілік және табысты жұмыс тілеймін!   Астана қаласы, 23 маусым 2010 жыл

Материалды пайдаланғанда kazenergy.com сайтына міндетті түрде сілтеме жасау керек.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту