«Қалам қуаты» 2010 журналистік шеберлік байқауы

размер шрифта: Aa | Aa
22.06.2010 20:14
«KAZENERGY» Қауымдастығы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Қалам қуаты» журналистік шеберлік байқауын жариялайды. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл байқау отандық журналистердің шығармашылық белсенділігін арттыруды көздейді. «Қалам қуатының» ұйымдастырушылары аталған сайыс мұнай-газ өнеркәсібінің даму кезеңі туралы; бұл саладағы көпшілікке беймәлім оқиғалар жайлы; мұнай-газ саласындағы проблемалар және оларды шешу амалдары туралы; салаға еңбегі сіңген ардагерлер жайлы толық, жан-жақты, объективті ақпараттың тарауына септігін тигізеді деген сенімде.
alt«Қалам қуаты» сайысына аймақтық, республикалық газеттердің редакциялары, телерадиокомпаниялар, шығармашылық бірлестіктер, авторлық ұжымдар, ақпарат агенттіктері, штаттағы және тәуелсіз авторлар қатыса алады.

Биыл «Қалам қуаты» үш номинация бойынша өткізілмек:
-    Республикалық телеарнада эфирге шыққан мұнай-газ өнеркәсібі туралы  үздік ТВ бағдарлама/ арнайы репортаж;
-    Республикалық басылымда жарық көрген үздік сараптамалық материал;
-    Мұнайшы мамандығы туралы республикалық басылымдарда шыққан үздік материал.

Аймақтық БАҚ өкілдері үшін арнайы номинация қарастырылған. «KAZENERGY» Қауымдастығының атынан берілетін байқаудың гран-при жүлдесі ақпараттық жағынан ең қызықты, жан-жақты сарапталған электронды немесе баспа  материалына беріледі.

Байқауға 2010 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызынан қыркүйек айының 13 жұлдызына дейін газет-журналдарда басылып шыққан, Интернетте жарық көрген, теле-радио эфирге шыққан материалдар қабылданады. Байқау қазақ және орыс тілдерінде өткізілмек. Байқау туралы толығырақ ақпарат пен оған қатысудың шарттары жайлы www.kazenergy.com немесе www.kmg.kz сайттарынан оқи аласыздар.

Байқауға жиналған материалдарды Қазақстанның үздік БАҚ өкілдерінен құралған қазылар алқасы іріктейді. Сайыс жеңімпаздары Астана қаласында қазан айының 5-6 жұлдызында Тәуелсіздік Сарайында өтетін  KAZENERGY 5–ші Еуразиялық Форумының аясында марапатталады.
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту