«KAZENERGY» Қауымдастығының Төрағасы Т.А. Құлыбаевтың «Голос Америки» орыс қызметіне берген сұхбаты

размер шрифта: Aa | Aa
11.06.2010 20:17
-    Мексика бұғазындағы апат шетелдік және отандық инвесторларға қойылатын экологиялық талаптарды қайта қарауға себеп болады деп санайсыз ба?

Құлыбаев Т.А.: Мексика бұғазындағы жағдай, әрине, барлық кен игерушілерге қойылатын талаптарды күшейтеді. Қазақстанға келетін болсақ, Шетелдік инвесторлар кеңесінің 23-ші отырысында Елбасы «үкіметтен Каспий қайраңындағы компанияларға деген талаптарды күшейтуді» сұрады. Мен мұндай ұстанымды толық қолдаймын. Каспий – жабық теңіз, ондағы талаптар да ерекше болуы тиіс.
Қазақстан мұнай-газ жобаларын қарастырғанда үнемі жоғарғы технология мен инженерлік жаңалықтарға ерекше көңіл бөлетін. Салаға жауапты мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шаралар Каспий қайраңында жұмыс істейтін компаниялардың қауіпсіздік жөніндегі барлық білімі мен тәжірибесін қолдануына жағдай жасайды деп үміттенемін.
Мұнай-газ және энергетика саласындағы алдыңғы қатарлы компаниялардың басын біріктіретін «KAZENERGY» Қауымдастығының 10-шы Кеңесінде Теңіздегі мұнай-газ операцияларын дамыту жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы шешім қабылданды. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» Бас директоры Пьер Оффан осы Үйлестіру Кеңесінің Төрағасы болып сайланды. Мексика бұғазындағы апат бойынша қорытынды шығарылатынын мен бұған дейін де айтқанмын. Каспийдегі кен игеру жобалары іске қосылмай тұрып қайраңдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кемшіліктердің көзін құрту керек. Оған қоса, технологиялық жағдай мен «адам факторына» қатты көңіл бөлген жөн, яғни Каспий қайраңына қатысты қате шешім қабылданбауы тиіс.

-    Экологиялық талаптардың күшеюі инвесторлардың Қазақстандық мұнай-газ саласына деген қызығушылығына кері әсерін тигізбей ме?
Құлыбаев Т.А.:
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына сыртқы факторлар әсер етпесе, елдің ішінде инвестициялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалған. Инвесторлар Қазақстан нарығына кірмес бұрын өзінің қаржылық мүмкіншілігін саралайды, технология және кадр мәселесін ойластырады. Әрине, жұмыс барысында түрлі мәселелер туындап тұрады. Онсыз болмайды ғой. Бірақ, ондай қиыншылықтарды мемлекет инвесторлармен ақылдасып шешуге тырысады. Мұндай ынтымақтастықтың соңғы мысалы - кадр мәселесі. Бұл тақырып Шетефдік инвесторлар кеңесінің 23-ші отырысында талқыланды. Мексика бұғазындағы жағдай BP сияқты тәжірибесі мол, алпауыт компанияның өзі қателік жіберетінін көрсетті. Бүгінде компания банкрот болуға шақ қалды. Ұлыбританиялық алпауыттың акциялары күн сайын арзандауда. Сәуір айының соңынан бері BP акциялары 50% арзандап кетті. Өзгенің қателігін қайталамау үшін Мексика бұғазындағы жағдайдан сабақ алуымыз керек. Десе де, мұнай-газ саласында жұмыс істейтіндердің барлығын бұл оқиға бей-жай қалдырмады, барлығымыз BP-дегі әріптестеріміздің болашағы жайлы алаңдымыз.

-Егер экологиялық талаптар күшейтіліп жатса, бұл жағдай мұна    й-газ саласындағы компанияларға қалай әсер етпек?
Құлыбаев Т.А.:
Экологиялық талаптар мұнай-газ компанияларының қызметіне қандай әсер тигізеді деген сұрақ, әрине, орынды. Бірақ, мұндай шешімдердің жапуапкершілігі мен өзектілігін жақсы түсіну керек. Мемлекет өз азаматтары мен ел мүддесін қорғауға міндетті, қазіргі жағдайда Каспий теңізіндегі экологиялық тепе-теңдікті сақтауға барын салуы тиіс. Ал, кен игерушілер өз пайдасын ойлап қана қоймай, Қазақстан халқы сеніп тапсырған жер қойнауы үшін жауапкершілік жүгін сезінуі керек.
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту