«KAZENERGY» қауымдастығы алғаш рет (Waste management) жабдықтаушылар форумын өткізгелі жатыр

размер шрифта: Aa | Aa
22.04.2010 23:49
20 мамыр күні Атырау қаласында «KAZENERGY» қауымдастығы алғаш рет жабдықтаушылар форумын өткізеді.
     Тақырыбы: Қалдықтарды кәдеге асыру. Форумды ұйымдастырушылардың қатарында мұнай-газ саласындағы үш ірі оператор: «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК), «Тенгизшевройл» ЖШС және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» бар. Жабдықтаушылар форумын өткізудің басты мақсаты – Қазақстанда қалдықтарды өңдеу нарығының және қалдықтарды жою жүйесінің қалыптасуына ықпал ету.  Осы орайда, мамандар мұнай-газ және энергетика компаниялары өндіретін қалдықтардың көзін құрту мәселесіне аса назар аудармақшы.

     «KAZENERGY» сарапшыларының пікірінше, форум Қазақстанға жаңа технологиялар мен шетелдік инвестициялар тартуға септігін тигізеді. Талқыланатын негізгі мәселелер -  елдегі экологиялық ахуал,  қалдықтарды өңдеу тәртіптері мен талаптары.
Форум шеңберінде жалпы жиынмен қатар, 4 тақырып бойынша секциялар жұмыс істейді: мердігерлерге қойылатын талаптар; қазақстандық құрамдас бөлікті арттыру; қалдықтарды өңдеу және оларды жоюды заң жүзінде реттеу; саланың болашағы.

      Бұған дейін екі жыл қатарынан (2008-2009 ж.ж.) «KAZENERGY» қауымдастығы мұндай форумдарды өткізуге қолдау көрсетіп келген. 2008 жылы Атырауда машина жасау құрылғыларымен жабдықтаушылардың бизнес-форумы, 2009 жылы мұнай-газ секторына арналған химиялық реагенттермен жабдықтаушылардың форумы өткен. Биыл «KAZENERGY» өзі ұйымдастырушы болып отыр. Жоспар бойынша, бұл жиынға 250 делегат қатысады. Олар ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР Мұнай мен газ министрлігі, Атырау, Орал, Ақтау атқарушы биліктерінің өкілдері, «KAZENERGY» қауымдастығының мүшелері, қалдықтарды жою бойынша қызмет көрсететін компаниялар.
 
Мұнай-газ секторының 100-ден астам компаниясы (Waste Management) Жабдықтаушылар форумына қатысады
     20 мамыр күні Атырау қаласында «KAZENERGY» қауымдастығы алғаш рет жабдықтаушылар форумын өткізеді. Тақырыбы: Қалдықтарды кәдеге асыру. Форумды ұйымдастырушылардың қатарында мұнай-газ саласындағы үш ірі оператор: «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК), «Тенгизшевройл» ЖШС және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» бар. Жоспар бойынша, бұл жиынға Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтау, Ақтөбе облыстарының басшылары, және Мұнай мен газ министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Парламент депутаттары қатысады.
     Форум шеңберінде жалпы жиынмен қатар, 4 тақырып бойынша секциялар жұмыс істейді:
1.    мердігерлерге қойылатын талаптар;
2.    қазақстандық құрамдас бөлікті арттыру;
3.    қалдықтарды өңдеу және оларды жоюды заң жүзінде реттеу;
4.    саланың болашағы.
     Талқыланатын негізгі мәселелердің бірі – елдегі экологиялық ахуал. Мамандар форум шеңберінде қалдықтарды кәдеге жаратудың тәртібі мен талаптарын қарастыруды көздеп отыр. Ал мұнай-газ саласындағы операторлар қалдықтарды жою бойынша қызмет көрсететін компаниялармен осы саланың ең өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік алады.
     Бұған дейін екі жыл қатарынан (2008-2009 ж.ж.) «KAZENERGY» қауымдастығы мұндай форумдарды өткізуге қолдау көрсетіп келген. 2008 жылы Атырауда машина жасау құрылғыларымен жабдықтаушылардың бизнес-форумы, 2009 жылы мұнай-газ секторына арналған химиялық реагенттермен жабдықтаушылардың форумы өткен. Биыл «KAZENERGY» өзі ұйымдастырушы болып отыр. Шараға қатысамын деушілер тіркеу формасын «KAZENERGY» қауымдастығынан ала алады.
     Атқарушы: Асан Дарбаев (7172)-79-49-85; e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту