«KAZENERGY» қауымдастығында мұнайдың өндірісі мен айналымына қатысты жұмыс тобы құрылды

размер шрифта: Aa | Aa
16.04.2010 18:12

2010 жылдың 15 сәуірінде «KAZENERGY» қауымдастығының Атқарушы директоры Нұрлан Утеновтың бастауымен жұмыс тобының отырысы өтті.  Жиынға қатысушылар  Қауымдастықтың атынан «Кейбір мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекет тарапынан қадағалау жөніндегі заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » ҚР Заңының жобасы бойынша жұмыс тобына кіретін мамандардың тізімін анықтады.

«KAZENERGY» қауымдастығының мамандары ҚР Парламент депутаттары және ҚР Үкімет өкілдерімен бірігіп, аталған заң жобасын талқыламақшы. Қауымдастықтың Атқарушы директоры  Н. Утенов, Павлодар мұнай-химия зауытының, «ПетроКазақстан» компаниясының, «ҚазМұнайГазӨнімдері», «ҚазМұнайГаз» Сауда Үйі» өкілдері осы жұмыс тобының құрамына кірді. Сарапшылар шикізатты сатушылардың аккредитациясы, мұнай өнімдерінің экспорты, мұнай өнімдерінің саудасына шектеу қою туралы пункттерге қатысты ұсыныстарын енгізбекші.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту