«KAZENERGY» Қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық Экономикалық Палатасы Президиумының Төрағасы болып сайланды

размер шрифта: Aa | Aa
14.04.2010 18:28

2010 жылдың 13-ші сәуірінде «Атамекен Одағы» ҚҰЭП жаңадан сайланған президиумының алғашқы отырысында, осы кеңесші органның төрағасы болып, «KAZENERGY»  қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев сайланды.

Палата президиумының мүшелеріне төрағаның кандидатурасын ресми түрде ұсынған  - «Атамекен Одағының» басқарма төрағасы Азат Перуашев. Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын қолдап, сөз сөйлеген: ҚР Машина жасаушылар одағының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пшембаев; ҚР Сүт одағының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева; Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы Серік Аханов; «Интеграция » АҚ президенті, «Қорамсақ» кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Сергей Терещенко;  «Вагон жөндеуші зауыт» АҚ президенті Дүйсенбай Дүйсенов; Қазақстан Астық Одағының төрағасы Нұрлан Тілеубаев; ҚР металлургия қауымдастығының төрағасы Владимир Дворецкий; «Азия-Авто» АҚ президенті Ержан Мандиев; «Меланж» АҚ президенті Шолпан Джарасова.

Экономикалық палата Президиумының Төрағасы ретінде Тимур Құлыбаев жүйелі мәселелерді шешуге назар аудару қажеттігін атап өтті. Мысалы: отандық кәсіпкерлердің қаржылық қорларды пайдалануын қамтамасыз ету және заңнамалық базаны жетілдіру.  «Экономикалық қылмыс жасаған кәсіпкелерді жазалауға қатысты Қылмыстық Кодексті гуманизациялауға көңіл аудару қажет», -деді Президиум Төрағасы. Тимур Құлыбаевтың пікірінше, «Атамекен Одағы» кәсіпкерлер мен үкімет арасын қосатын көпірге айналуы керек. «Атамекен» Үкіметке жүйелі шешімдерді ұсынуы тиіс,-дейді ол. «Атамекен» ҰЭП Президиумының Төрағасы, сонымен қатар, ҚР Үкіметі қабылдаған «Кәсіпкерліктің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға белсене қатысу қажеттігін қадап айтты.  «Жол картасы 2020» бағдарламасына түзетулер мен ұсыныстар енгізу туралы үкіметпен арадағы келісімді Тимур Құлыбаев маңызды істердің тізіміне қосып отыр.

Президиум Төрағасы ҚР Үкіметінің жанынан құрылған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Үйлестіру Кеңесін билікпен арадағы диалогты жақсартуға  пайдаланып, «Жол картасы 2020» бағдарламасын жетілдіруге «Атамекеннің» сала-саладағы мамандарын жұмылдыруды ұсынды. Енді, осы айтылған мәселелер «Атамекен Одағы» ҚҰЭП-ның құрылтайында жіті талқыланады.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту