Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай, «KAZENERGY» қауымдастығы ағартушылық бағдарламасының аясында «Жеңіс Мұрагерлері» атты акция өткізіледі

размер шрифта: Aa | Aa
12.04.2011 18:31

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай,   «KAZENERGY» қауымдастығы ағартушылық бағдарламасының аясында «Жеңіс Мұрагерлері» атты акция өткізіледі.

Осыған байланысты, Қазақстан жастарының арасында үш номинация бойынша сайыс жарияланып отыр (Жоғарғы сынып оқушылары, Жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттері,  жас мамандар). Сайыс үш кезеңнен тұрмақ: 10 наурыз бен 25 сәуір аралығында  - үміткерлердің жұмыстары қабылданады; 26 сәуір мен 1 мамыр аралығында қабылданған жұмыстар номинациялар бойынша сұрыпталады; ал, сайыстың қорытындысы бойынша, ең үздік деп танылған материалдар «KAZENERGY» журналының арнайы номерінде басылып, «KAZENERGY» қауымдастығының ресми сайтында, және қауымдастықтың мүшелері мен серіктестерінің сайттарында жарияланады.

Конкурс үш номинация бойынша өткізілмек:
1.    «Ұлдарым мен немерелерімнің есте сақтауы үшін» (үздік әңгіме)

2.    «Уақыттың әмірі жүрмейтін естелік» (фотосайыс)
«Отан үшін! Жеңіс үшін!» (Соғыс жылдарының фотосуреттері. 1941-1945ж.ж.)
«Естелікке» (Бет-әлпеттердің фотосуреттері)
«Бұл - Жеңіс күні»(Барлығы жеңіс жайлы)
«Мұрагерлер» (Соғыс ардагерлерінің балалары және немерелерімен түскен фотосуреттері)
«Сырласу» (Соғыс ардагерлері жастармен сөйлесіп жатқан мезеттер)

3.    «Ол туралы ұмытуға хақым жоқ!» (кадеттердің үздік әңгімесі)

«Жеңіс Мұрагерлері» акциясының басты мақсаты - Ұлы Жеңісті, майдан мен тылдағы ата-апаларымыздың батырлығын,  сол бір ауыр күндердегі азаматтар мен оқиғаларды жастардың есіне салу. Сайыс жеңімпаздары естеліктер мен ақшалай сыйлықтарға ие болады! 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту