KAZENERGYқауымдастығы Қазақстандағы мұнайлы аймақтардың экологиялық қауіпсіздігін қадағалауды қолға алуда

размер шрифта: Aa | Aa
18.04.2011 21:49

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Kazenergy» қауымдастығы Қазақстандағы мұнайлы аймақтардың экологиялық қауіпсіздігін және елдегі мұнай компанияларының кен орындарындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлестерін қадағалауды қолға алмақ. Бұл туралы бүгін Астанада «Елордаға арналған ағаш отырғыз» акциясы кезінде «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының атқарушы директоры Әлиакпар Матишев мәлім етті.

Ә. Матишевтің айтуынша, жалпы қауымдастық елдің экологиялық мәселелеріне үлкен көңіл бөліп келеді. «Қазіргі уақытта мұнай компанияларының елдегі мұнай кен орындарындағы экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестерін қадағалауға және елдегі мұнайлы өлкелердегі экологиялық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған Қазақстан бойынша ауқымды жобаны қолға алып жатырмыз. Мұндай жобаларды біздің қауымдастықтың экологиялық қауіпсіздік кеңесі атқарады», - деді қауымдастық директоры.
«Елордаға арналған ағаш отырғыз» акциясы экологиялық айлық аясында өткізілуде. Оған қаланың 100-ден астам кәсіпорындары мен мекемелері қатысқан болатын.
«Бүгінгі акция кезінде «KAZENERGY» қауымдастығының қызметкерлері қаладағы "Арай" саябағында 20-ға тарта жас ағаш отырғызды. Енді Астанада біздің өзіміздің жасыл орынжайымыз бар», - дейді «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Әлиакпар Матишев.
 Оның айтуынша, Астанадағы Бейбітшілік сарайына қарама-қарсы тұсында қауымдастықтың жеке аллеясы бар. «Қаланы көріктендіруге және көгалдандыруға салған үлесіміз ретінде біз мұнайшылар аллеясын ашқан болатынбыз», - деп атап көрсетті ол.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту