«KAZENERGY» Қауымдастығы мүшелерінің Жалпы жиналысы және Қауымдастық Кеңесінің 12-ші отырысы

размер шрифта: Aa | Aa
21.02.2012 23:19

2012 жылдың 21 ақпанында Астана қаласында Тимур Құлыбаевтың төрағалық етуімен «KAZENERGY» Қауымдастығы мүшелерінің Жалпы жиналысы және Қауымдастық Кеңесінің 12-отырысы өтті.

Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысын аша отырып, KAZENERGY Төрағасы Тимур Құлыбаев: «Құрметті әріптестер, KAZENERGY Қауымдастығы құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін жүргізілген жұмыстың нәтижесіне баға беріп, Қауымдастықтың жаңа даму стратегиясын бекітетуіміз қажет»,-деп мәлімдеді.

Қауымдастықтың жұмысы жайлы баяндаған Бас директор Жанболат Сәрсенов KAZENERGY-дің мұнай-газ және энергетика саласы өкілдерінің мүддесін қорғауда айтарлықтай тәжірибесі бар ірі салалық бірлестік ретінде қалыптасқанын атап өтті.

Жамболат Сәрсеновтың айтуынша, Қауымдастық құрылғаннан бері KAZENERGY сарапшылары ондаған заң жобалары мен заңға тәуелді актілерге өзгертулер енгізу туралы ұсыныс жасап, ҚР Үкіметі жанындағы жұмыс топтарының құрамында бағдарламалық құжаттардың жобаларын дайындауға ат салысты. Қауымдастық өз қызметін Қауымдастық Кеңесі шешімдерінің және министрліктер, әкімшіліктер, қазақстандық және халықаралық ұйымдармен арадағы қабылданған меморандумдар мен келісімдердің негізінде жүргізеді. Қауымдастық Дүниежүзілік мұнай кеңесі, Дүниежүзілік энергетика кеңесі және Еуропалық энергетикалық хартия сияқты беделді халықаралық ұйымдарда Қазақстанның атынан мүшеліп етіп келеді. 2007 жылы құрылған Білім беру бағдарламасының аясында Қауымдастық дарынды жастар мен әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар мен студенттерге қолдау көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, Жалпы жиналыста Қауымдастықтың 2015 жылға дейінгі Даму стратегиясының жаңа жобасы бекітіліп, Қауымдастықтың жаңа Ревизоры сайланды. Ол - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Әсет Мағауов. (Қауымдастықтың Ревизоры ұйым бюджетінің нысаналы пайдаланылуын қадағалайды; заң талаптары және KAZENERGY ішкі құжаттары талаптарының орындалуын қадағалайды).

Қауымдастық Төрағасы Тимур Құлыбаев KAZENERGY Өндіруші салалар жұмысының айқындығы бастамасына қызығушылық білдіруші тараптар ұлттық кеңесінің құрамына кіруін жоспарлап отырғандығын хабарлады, және Қауымдастыққа мүше компаниялардың бұл бастамаға қолдау көрсетуін сұрады (ӨСЖАБ ҚБТҰК). (Өндіруші салалар жұмысының айқындығы бастамасы - мұнай, газ және тау-кен өндірісі салалары табысының жариялылығын қамтамасыз ету мүмкіндігін туғызатын әлемдік стандарт. Бастама әлемнің 35 елінде жүзеге асырылып келеді. Бүгінде бастамаға қатысудың 2 түрі бар: кандидат-мемлекет, мүше-мемлекет. Қазақстан 2010 жылы кандидат-мемлекет мәртебесіне ие болды. Мүше-мемлекет мәртебесіне ие болу үшін ӨСЖАБ іске асыру жөніндегі бірқатар іс-шаралар жасау қажет, олардың бірі жаңа ҚБТҰК құру болып табылады.)

Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысынан соң, бірден, Қауымдастық Кеңесінің 12-отырысы басталды. Отырыстың күн тәртібінде мұнай-газ өнеркәсібінің маңызды мәселелері көрініс тапты.

ҚР Мұнай және газ Вице-министрі Болат Ақшолақов мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жұмысы туралы есеп берді. 2006 жылы KAZENERGY Форумында бұл ведомствоаралық комиссияны құру туралы бастама көтерілген болатын, 2007 жылдан бері Қауымдастық комиссияның жұмысына белсене қатысады. 2007 жылдан бастап комиссияның 19 отырысы өтті. Онда жеке жобалар бойынша мемлекеттік органдардың позицияларын үйлестіру, жанар-май ішкі нарығын реттеу, шетел мамандарын қазақстандық кадрлармен алмастыру, газды утилизациялау сияқты түрлі мәселелер қарастырылған. 2012 жылы KAZENERGY қауымдастығы комиссияда төмендегідей мәселелерді қарастыруды жоспарлап отыр: Қашаған кен орнында тәжірибелік өнеркәсіптік мұнай өндіруді бастау туралы ; Орталық және Солтүстік Қазақстанды газдандыру жобасы (соның ішінде Астана қаласын); Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) қызметі шеңберінде мұнай және газ тасымалдау саласындағы кедендік және тарифтік саясат туралы; мұнай-газ және энергетика салаларында кәсіби стандарттарды енгізу туралы.

Қауымдастықтың білікті мамандар дайындау, мұнай-газ саласында ғылым мен инновацияны дамыту жөніндегі жұмысы туралы Қазақ мұнай және газ институтының Бас директоры Ұзақбай Қарабалин баяндама жасады. Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы ҚР заңына енгізілген толықтыруларға сәйкес, 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап жер қойнауын пайдаланушы компаниялар келісім-шарт шеңберіндегі пайдасының 1% қазақстандық өндірушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық бастамалын қаржыландыруға міндетті. Ұзақбай Қарабалин осы заң талабының күшіне енгенін ерекше атап өтті.

Бүгінде мұнай-газ саласындағы мамандарды ұлттандыру мәселесі жан-жақты шешімін тауып жатыр – кәсіби стандарттарды қалыптастыру әдістемесі мен ұлттық квалификациялық жүйенің барлық элементтері бар. Жергілікті мамандар санын арттырудағы тағы бір фактор – біліктілікті арттыру және мамандарды қайта дайындау бағдарламаларын іске асырып отырған ірі компаниялардың корпоративтік оқу орталықтары. Мамандарды ұлттандыру мәселесін түпкілікті шешу үшін Тимур Құлыбаев KAZENERGY Қауымдастығына Мұнай және газ министрлігімен бірігіп, оқу орталықтарының мүмкіндіктерін зерттеп, мұнай-газ және оған қатысы бар салаларда қай мамандықтардың тапшы екендігін анықтап, инженерлік-техникалық және басқарушы кадрлар дайындау мүмкіндіктерін белгілеп, ұлттық кадрлерді дайындау туралы меморандумға қол қоюды тапсырды.

Қауымдастық Кеңесінің күтәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі – төтенше жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Комиссия құру мәселесі. КИНГ Бас директоры атап өткендей, қазірде Қауымдастыққа мүше компаниялардың арасында қауіпті жағдайда қолда бар ресурстарды ұйымдастыру мәселесі реттелмеген, демеушілік және қайырымдылық көмектің қолданылуын қадағалайтын ортақ механизм жоқ. Бұл мәселені шешу үшін Қауымдастық мүшелерінің құрамынан Төтенше жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Комиссия құру ұсынылып отыр. Комиссия KAZENERGY Қауымдастығы Жаңаөзендегі қайғылы оқиғадан кейін ашқан арнайы есеп-шотқа жиналған қаражаттың жүйелі және транспарентті түрді қолданылуын қамтамасыз етеді. «КИНГ» АҚ және оның тәуелді ұйымдары, «ҚазГерМұнай» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Самрұқ-Қазына» Университеті мен «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Қауымдастықтың қаражат жинау туралы батамасын бірден қолдап, есеп-шотқа ақша аударған. Жиналған қаржыны Маңғыстау облысында білім деңгейін арттыруға, соның ішінде халықты мұнай-газ саласынан тыс мамандықтарға дайындау бағдарламасына жұмсау ұсынылып отыр.

Қауымдастық Кеңесінде сонымен қатар, KAZENERGY Үйлестіру Кеңестерін қайта құру туралы шешім қабылданды. KAZENERGY Бас директоры Жанболат Сәрсенов Үйлестіру Кеңестерінің санын беске дейін кемітуді ұсынды. Сонымен қатар, Жанболат Сәрсенов VII KAZENERGY Еуразиялық Форумының тақырыбын жария етті – «Өзгерістер торбаындағы әлем - тұрақты энергетикалық болашақты қалыптастыру», және 2012 жылдың қазан айында Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесі атқарушы комитетінің отырысы өтетінін хабарлады.

Анықтама: «KAZENERGY» Қауымдастығы 2005 жылдың 2 қарашасындаі құрылған. Қазіргі күні Қауымдастық мүшелері мен серіктестерінің саны 58. Қауымдастық Кеңесі Қауымдастық Төрағасы басқаратын консультативті орган. Қауымдастықтың құрылымы мен жұмысы жайлы ақпаратты www.kazenergy.com веб-сайтынан оқуға болады.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту