Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы «KAZENERGY» қамқорлығымен пилоттық режимде Біліктілікті дәлелдеу тәуелсіз орталықтарын құру жөніндегі салааралық жұмыс тобының екінші отырысы өтті

размер шрифта: Aa | Aa
10.04.2012 15:11

Астана.  10.04.2012 Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы «KAZENERGY» қамқорлығымен пилоттық режимде Біліктілікті дәлелдеу тәуелсіз орталықтарын құру жөніндегі салааралық жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Бұл жобаға Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы, Білім және ғылым министрлігі, «Атамекен Одағы» ұлттық экономикалық палатасы қолдау көрсетіп отыр. 

Осындай орталықтардың құрылуының ең басты мақсаты- қазақстандық кадрлардың мамандығын жетiлдiру, олардың бiлiктілігінің жоғары деңгейiн жұмыс берушiлер тарапынан мойындату. Нәтижесінде, елiміздің мұнай-газ секторына шетелдiк мамандарды тарту улесін біршама азайту қажет.

Бүгінгі күнде еліміздің біліктілік беру жуйесі заманауи талаптарға сай келмейді және үдері дамып келе жатқан технологияларды ескермейді. Осы тұрғыда, бұл бастама елімізде алғаш рет қолға алынып отыр, жоба әзірлеушілерге көптеген мәселелердің шешімін іздеуге тура келеді. Атап айтқанда, нормативтік негіздемені жетілдіру, оны халықаралық маман даярлау бойынша заңнамамен сай келтіру, сарапшы-аудиторларды дайындау, ірі кәсіпорындар маңыңдағы оқу орталықтарды ашу және мамандар үшін өндірістің технологиялық процестерін меңгеру мүмкіндігін тудыратын, симулятор құралдарыменен жабдықтау. Мұның өзі пилоттық режимде қарастыруды қажет ететін мәселелердің толық тізімі емес. Тәуелсіз сертификаттау жүйесінің енгізілуі – күрделі шығындармен байланысты, айтарлықтай қаражат кажет ететін үлкен іс-шара болып табылады. Жумыс тобы қатысушылардың айтуынша, бұл жобаға мемлекеттік қолдау қажет. Біліктілікті дәлелдеу тәуелсіз жүйенің құрылуының түпкі мақсаты – шетелдік жұмысшылармен бәсекелесе алатындай отандық мамандарды даярлау.

Өз жұмысында пилоттық жобаны әзірлеушілер ISO 17024 халықаралық стандартқа жүгінбекші. Бұл стандарттың мәні - сәйкестікті растау бойынша органдарға қойылатын талаптарды айқындау; кәсіби стандарттар бойынша кадрларды дайындау және аттестаттау қызметтерінің функцияларын бөлу; оқу және аттестаттау орталықтарының міндетті түрде аттестаттаудан өтуі. Олардың материалдық-техникалық базасы, сарапшыларының құрамы сертификаттау талаптарына сәйкес болуы керек. 
Біліктілікті растау жөніндегі тәуелсіз орталықтардың құрылуы кейбір рәсімдерді жеңілдетуі тиіс. Бүл мәселе бойынша жұмыс тобының мүшелері екі аптадан кейін үкіметке өз ұсыныстарын әзірлейді деп жоспарлануда.
Жұмыс тобының келесі отырысы 16 сәуірде өтеді.

«KAZENERGY» Қауымдастығының
Баспасөз қызметі
Тел: +7(7172) 710199, 710181
www.kazenergy.com

mail:  Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту