Әзербайжанның Қырғызстандағы МӨЗ құрылысы мәселесі жөніндегі тобының құрамына Қазақстан өкілі енгізіледі

размер шрифта: Aa | Aa
16.05.2012 11:42
 Әзербайжанның Қырғызстандағы МӨЗ құрылысы мәселесі жөніндегі тобының құрамына Қазақстан өкілі енгізіледі, деп хабарлады ҚР президенті Алмазбек АтамбаевӘзербайжан басшысы Ильхам Әлиевпен өткен сейсенбі күні Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысының және ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммиті аясында кездескен кезде.

«Алмазбек Атамбаев мұнай өңдеу зауытының құрылысы және шикізат жеткізу мәселесін пысықтайтын жұмыс тобының құрамына Қазақстан өкілі енгізілгенін хабарлады», - деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар А. Атамбаевтың үстіміздегі жылдың наурызында Әзербайжанға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады. Қырғызстан басшысы екіжақты қарым-қатынастардың даму қарқынын оң бағалады.

Өз кезегінде И. Әлиев А. Атамбаевтың Баку қаласына жасаған ресми сапарынан кейін екі елдің арасында тығыз және перспективалық қатынастар орнағанын жеткізді.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың басында Қырғызстан мен Әзербайжан жылдық қуаты 2 млн тонна болатын МӨЗ-дің құрылысы туралы келісімге келген. МӨЗ-ді 2013 жылдың соңында іске қосу жоспарланған. 

Мәскеу. 16 мамыр. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту