«KAZENERGY» қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің аға вице-президенті Йозеф Тотпен кездесті

размер шрифта: Aa | Aa
25.05.2012 11:39

V-Астана Экономикалық Форумы шеңберінде «KAZENERGY» қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің аға вице-президенті Йозеф Тотпен кездесті. Ынтымақтастыққа қатысты мәселелердің біршамасы, сонымен қатар, ағымдағы жылдың 2-3 қазанында «KAZENERGY» Еуразиялық форумы шеңберінде Астана қаласында өтетін ДМК Ұлттық комитетінің кезекті отырысы күн тәртібінің жобасы талқыланды.

Йозеф Тот Қазақстан энергетика кешенінің жоғары әлеуетке ие екендігін және мемлекет басшылығы тарапынан мұнай-газ технологиялары мен құрал-жабдықтарының технологиялық және өндірістік дамуы саласындағы қазақстандық қамтуды арттыру мақсатында республика үшін маңызды шешімдер қабылданып жатқандығын мәлімдеді. Оның сөзіне сүйенсек, Қазақстанда шикізат қорларын қайта өңдеу мәселелері алдыңғы қатарлы инженерлік шешімдерді және заманауи технологияларды енгізу арқылы шешіледі.

Екі жақ Дүниежүзілік Мұнай Кеңесі Ұлттық комитетінің отырысын дайындауға қатысты ұйымдастырушылық мәселелерді шешу жолындағы жұмысты белсенділету жөнінде уәделесті. ДМК ұлттық комитеттерінің өкілдері жуырдағы жылдарға арналған жұмыс жоспарларын Астана қаласында талқыламақшы. Қазақстан астанасының ДМК форумының өткізілетін жері болып таңдалуы туралы шешім ел имиджін қалыптастыру және республика мұнай-газ саласының мүмкіндіктерін көрсету болып отыр, сондықтан өте маңызды рөлге ие.

«KAZENERGY» қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев Йозеф Тотқа Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің Астанадағы жұмысы жоғары мазмұндық және ұйымдастырушылық деңгейде өтуі үшін қолда бар мүмкіндіктердің барлығын салатындығын хабарлады.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту