«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ қызметкерлері балаларының арасында өткен «Менің арманым. Мен және отбасым» тақырыбындағы сурет салу байқауының нәтижелері шықты

размер шрифта: Aa | Aa
06.06.2012 10:27

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдарының балалары арасында «Менің арманым. Мен және отбасым» тақырыбында өткен сурет салу байқауының нәтижесі шықты. Байқау 2012 жылдың 13 сәуір мен 15 мамыр аралығында, балалар шығармашылығын дамыту және жас дарын иелеріне қолдау көрсету мақсатымен өткізілген.

Байқау 7-9, 10-12, 13-14 жас аралығындағы балалар арасында өтті. Ұйымдастырушылар Маңғыстау мен Атырау облыстарының балаларынан 50-ден астам сурет қабылдады. ҚМГ БӨ корпоративтік «Мұнайлы мекен» газетінің бас редакторы Жұмагүл Темірғалидің айтуынша, байқауға ең көп сурет жіберген - 7-9 жас аралығындағы жеткіншектер. «Негізінен, «Менің арманым» тақырыбында сурет салғанда балалар болашақ мамандықтарын бейнелейді, олардың арасында суретші, дәрігер, ұстаз, әйгілі футболшы, ұшқыш болуды армандайтын жеткіншектер бар. Жасы үлкеніректері туған жерінің қамын ойлайды. Олар мұнай кеніштерінің маңында саябақтар мен ормандар болуын, туған қаласы немесе ауылының көркеюін армандайды.  Байқауға қатысушылардың көбінің арманы биік, қиялы ұшқыр екенін көріп, іштей риза болдық».

alt

Байқауға келіп түскен жұмыстардың арасынан тәуелсіз суретші және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұратын комиссия 18 суретті іріктеп алды, әрбір жас санатынан үш суреттен.  Жұмыстарды бағалағанда қазылар алғасы суретті әрлеу мәнеріне, сурет арқылы ойын жеткізе алу қабілетіне ерекше назар аударды. «Менің арманым. Мен және отбасым» байқауының бас жүлдесі Астана қаласына саяхат болды. 4 маусым күні елордада «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директорының орынбасары Абат Нұрсейітов, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының аппарат жетекшісі Андар Шоқпытов және Компания орталық аппаратының қызметкерлері қатысуымен жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті. Балаларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Жас суретшілерді жеңісімен құттықтай отырып, Абат Нұрсейітов балалардың шығармашылық тұрғысынан дамуының маңызын атап өтті. «Сурет салу байқауында жүлдегер атанып, сендер ата-аналарыңды шаттыққа бөлеп қана қоймай, «Астананы көрсем» деген армандарыңа өз талаптарыңмен қол жеткіздіңдер.  Кішкентай болсаңдар да мақсатқа жету алдымен  адамның өзіне байланысты екенін дәлелдедіңдер!  Өздеріңдей  қиялы ұшқыр, талапты, дарынды балаларымыз – ертеңіміздің кепілі.  Бұл орайда «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» компаниясы ынталы жастарымызды  әрдайым қолдауға тырысады»-деді ол.

alt alt
alt alt

Марапаттау салтанатынан кейін балалар Астананы аралады. Байқаудың нәтижесі бойынша Атырау мен Жаңаөзен қалаларында жүлдегерлердің суреттері бейнеленген билбордтар ілінеді. Жыл бойы ҚМГ БӨ корпоративтік «Мұнайлы мекен» газетінде байқауға қатысқан барлық балалардың суреттері жарық көреді.

Байланыс ақпараты:
Джумадилова Жұлдыз
97-79-15,8701-0190


Астана, 4 маусым, 2012 жыл.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту