Астанада «KAZENERGY» Ассоциациясының қолдауымен «Каспий кайраңын дамыту» атты II халықаралық мұнайгаз конференциясы мен көрмесі өтт

размер шрифта: Aa | Aa
16.06.2012 16:05

Астанада «KAZENERGY» Ассоциациясының қолдауымен «Каспий кайраңын дамыту» атты II халықаралық мұнайгаз конференциясы мен көрмесі өтті.

Read More

Бірінші күннің алғашқы жартысында Каспий кайраңының экономикалық және саяси тұрғыда дамуы, ғаламдық тенденциясы мен қарама-қайшылық тудыратын мәселелерді  шешу стратегиясы талқыланды.

Каспий өзінің энергетикалық ресурстарымен инвесторларды өзіне тартады да, сонымен қатар ойландырмай қоймайды. Бір жағынан, Каспийді әлем рыногын энергия қорымен қамтамасыз ететін көз ретінде бағаламау мүмкін емес. Бұл - жаңа технология дамуының катализаторы. Дегенмен, теңіз жобалары ауқымды қаражат құюды талап етеді,сондай-ақ үлкен экологиялық қауіп төндіреді. 

Каспийге біреулер коммерциялық қызығушылық танытса, мемлекет үшін қоршаған ортаны қорғау мәселесі маңызды.

ҚОҚМ-нің экологияны реттеу және бақылау Комитетінің төрағасы Данияр Еренчиновтың айтуынша, үлкен экологиялық қауіпті толықтай консервацияланбаған ұңғымалардан төгілетін мұнай төндіреді. Каспий теңізіндегі итбалықтардың жаппай қырылуының себептері де осы болуы мүмкін. Сонымен қатар ол конференцияға қатысушыларға ҚОҚМ-нің бақылауына түсетін кен байытушы компаниялар тізімін Бас прокуратура бекітетінін айтып өтті.

ҚР СІМ-нің халыаралық құқықтық департаменті директорының қызметін атқарушы Арман Есетов өз кезегінде Каспий теңізіндегі кен орындарындағы жұмыс барысында халықаралық құқықтық шектеу жоқтығын айтты.

Қазақстанның Каспий теңізінің құқықтық статус мәселесіндегі позициясы мынау: Қазақстан,Әзербайжан және Ресей арасындағыдай жер түбі мен қойнауын суда территориялық және балық аулаушылық аймағын келісілген көлемі  бойынша бөлу.

Бірақ, бұл мәселе бойынша Каспий өңірің мемлекеттер арасында ортақ шешім әлі табылмай отыр, бүгінгі күнге дейін әр мемлекеттің позиция айырмашылықтары сақталуда. Дегенмен, келісім-шарт процессі алға жылжып келетіні анық.

Халықаралық контексте де Каспийдегі экологиялық проблемаларын ұмытуға болмайды. Каспий теңізінің экожүйесі  белсенді түрде мұнай және газ кен орындарының жұмыс істеуінің және қадағалаусыз биологиялық қорының өндірілуіне байлансыты антропогендік әсерге ұшырап отыр.

2003 жылы 4 қарашада Тегеранда қабылданған Каспий теңізінің теңіздік ортасын қорғау туралы конвенциясына  ынтымақтастық, құқықтық келісім негізін кеңейту мақсатында сарапшылар толықтырулар енгізуін қарастыруда. Былтыр, мұнай төгілген жағдайда бірігіп, оны шешудің жолдарын қарастыру мәселесі аймақтық дайындық туралы Хаттамаға қол қойылған еді. Бұл Каспийге мұнай төгілген жағдайда теңіз жағалауындағы мемлекеттердің құқықтық сұрақтарын реттейтін құжат.

Еуроодақ Каспий жағалауындағы мемлекеттермен сараптамалық білім, озық құрылғылар, тәжірибе және замануи технологияларымен бөлісуге әзір. Қазақстан мен Түркіменстандағы Еуропалық одақ өкілеттілігінің басшысы Аурелия Бучез  ЕО-тың Каспий кайраңының дамуы туралы позициясымен бөлісті. Еуроодақ, Каспийден шығатын мұнай тасымалдау экспорттық маршруттарын әртаптандыруын қолдайды. Мұндай шара Еуроодақ елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін тұрақтандырады деген сенім бар. Дегенмен, ЕО Каспийдің құқықтық статусын шешу мәселесіне араласпайтынын, бұл Каспий жағалауындағы мемлекеттердің өзара ісі екенін алға тартып отыр.      

«Еуроодақ табиғат қорын пайдалану кезінде жоғары стандартқа сай  қауіпсіздікті сақтауды қолдайды» деді өз сөзінде Аурелия Бучез.

Ірі мұнайгаз компаниялары Каспий теңізінің Түркіменстан секторындағы жобаларға қызығушылық танытып отыр. «Шетелдік инвесторларды тарту үшін инвестициялық тұрақтылық пен тиімді капитал құюға жағдай жасалу тиіс»деп Түркіменстаннің мұнай өнеркәсібі мен минералдық ресурстар министрлігінің мұнай саласының талдау және даму басқармасының бастығы Егенмамед Атамамедов мәлімдеді. Түркіменстанда аса ірі көлемде газ қоры бар, және оны барлық бағыт бойынша тасымалдау көзделген. Нейтралдық мемлекет статусы Ашхабатқа көрші елдерге мойын бұрмастан көпвекторлы экономикалық саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттің  2008 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының энергия тасымалдаушы транзитінің сенімді де тұрақты болуы туралы шешімін қабылдауға түрткі болғаны бекер емес. 

Халықаралық және аймақтық ынтымақтастықтың коммерциялық дауларын шешудің құралы- Энергетикалық Хартия келісім шарты. Бұл келісімге  әлемдік ІЖӨ 40% , газдың 40% және әлемдік мұнай қорының 25% ие 51 мемлекет қол қойды. Энергетикалық хартия хатшылығының бас кеңесшісі Патрик Ларкиннің айтуынша, өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап инвестиция қауіпсіздігі мәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ал, бұл мәселені шешу үшін екі жақтылық келісім арқылы емес, Энергетикалық хартия келісімінің аясында шешкен тиімдірек. «Кез келген екі жақты келісім белгілі бір мерзімге жасалады, ал Энергетикалық хартия келісімі аясында жасалған келісім мезгілсіз болады»деп ол өз сөзін түйіндеді.

Халықаралық энергетикалық агенттігінің  «Каспий және Қара теңіз» бағдарламасының жетекшісі Марк-Энтуан Эйл-Маззега «Каспий аумағы ғаламдық энергетика қауіпсіздіне зор үлесін қосып отыр» деп санайды. 2025 жылға қарай әлемде тұрақты түрде мұнай өндіруді арттыратын мемлекеттер саны азаяды. Оның сөзіне қарағанда, бұл тұста Қазақстанның мүмкіндігі зор көрінеді.  Ірі жобалар Каспий аймақтық мемлекеттерінің барлығында жоспарланған, бірақ оны іске асыруға кеден саласындағы заң кедергі болып отыр. Ішкі нарықта газға деген сұраныстың көбеюіне байланысты, көгілдір мұнайды экспорттау көлемі тұрақсыз болып тұр. Марк-Энтуан Эйл-Маззега бұл мәселеде ішкі және сыртқы нарықты газбен қамтамасыз етуді ұзақ мерзімге жоспарлау қажеттігін баса айтты.

Өз кезегінде, MENAS ASSOCIATES тің сарапшысы Алекс Джексон көмірсутекті Иран арқылы тасымалдаудың болашағына сенімсіздік білдірді. Бұған себеп, Иран мен Әзірбайжан арасындағы кен орындарға байланысты дау мәселелері, саяси және Каспий теңізінің иран секторындағы теңіз жобаларының техникалық қиындықтары секілді кикілжіңдер деп санайды сарапшы. Дегенмен, оның сөзіне қарағанда, Иран Парсы шығанағындағы геосаяси жағдайдың өрбуіне байланысты,  Каспий теңізіндегіе мұнай өндірісі саласындағы дамуын қосалқы вариант ретінде қарайды.

Көмірсу айналасында тағы да жаңа серіктестер қосылуы мүмкін. Жапон халықаралық ынтымақтастық банкінің Ресей және ТМД елдеріндегі өкілі Хироши Ивао өз сөзінде Каспий аумағындағы кез-келген құбыртарту жобаларын жапондық компаниялардың қаржыландыруына қызығушылық танытты.  Ол, Жапон халықаралық ынтымақтастық банкі  Каспий құбыртарту консорциумы қуаттылығының артуына аса мән беретінін, ал егер бұл жобаға жапондық компаниялар қатысатын болса, банк тарапынан қаржыландыру болатынын алға тартты. 

Конференцияның алғашқы күні пікірталас сессиясымен аяқталды. KAZENERGY Ассоциациясының атқарушы директорының кеңесшісі Клара Рахметова пікірталас жалғасында, Каспий аумағындағы транспорттық коридорды әртараптандырудың ғаламдық таластағы өзгерістері мен ұсыныстарын айта отырып, алдыңғы баяндамашылардың сөзін түйіндеді.

KAZENERGY өкілі Қазақстан үшін мұнай және газ тасымалы аса маңызды екенін, жақын болашақта республикамыздың бұл салада жетекші ел болатынын баса айтты. Дегенмен, геосаяси жағдайға байланысты Қазақстан әлемдік көмірсу нарығына тура шыға алмайтын ішкіконтинентальды мемлекет болып қала бермек, және бұл Қазақстанның көмірсу тасымалдау саласын әртараптандыру және басқа да тиімді жолдарды табу саясатын алға итереді.

«Көмірсуды экспорттау қазір және болашақта көлемді транзиттеумен түйінделеді. Қазақстан дәстүрлі түрде өзінің географиялық жағдайына байланысты көмірсуларды еуропалық нарыққа шығаруды Ресей территориясы арқылы жүргізеді.  Бірақ, біздің мақсатымыз тиімді де әртарапты маршрут табу. Сондықтан Қытайға қарай шығыс бағыты да маңыздырақ. Қытай нарығы қыиын да тұрақсыз, салып келгенде бұл мононарық, демек, белгілі бір қатер тудырады, өйткені бір тұтынушы және бір ғана  тасымалдаушы бар. Сондықтан, белгілі бір бағытты таңдағанда баға мәселесі басты орында болады», деді Клара Рахметова.
 «Соңғы уақытта әлемдік энергетика нарығы үлкен өзгерістерге ұшырап, ірі энергетикалық тұлғалар пайда болды, көптеген елдер донор болды. Сондықтан, Энергетикалық хартия келісіміне өзгерістер еңгізу өте маңызды мәселе болып тұр. Әсіресе, бұл құбыртарту және тарифтік саясаттың инвестициялық климатына байланысты » деп KAZENERGY Ассоцияциясының өкілі сөзін аяқтады.

Конференция өз жұмысын жалғастыруда. Екінші күні қатысушылар Каспий маңы елдеріндегі мұнайгаз жобаларының келешегін талқыламақ.

«KAZENERGY» Қауымдастығының
Баспасөз қызметі
Тел: +7(7172) 790199, 790181
www.kazenergy.com
Email: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту