2012 жылғы 9 қарашада Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі Мыңбаев Сауат және «KAZENERGY» Ассоциациясының Төрағасы Құлыбаев Тимурдың бірлескен жұмыс сапарының барысында Ғылым, инновациялар және қазақстандық қамтуды дамыту мәселе

размер шрифта: Aa | Aa
08.11.2012 18:49

Баспасөз хабарламасы. 08.11.12. Астана
2012 жылғы 9 қарашада Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі Мыңбаев Сауат және «KAZENERGY» Ассоциациясының Төрағасы Құлыбаев Тимурдың бірлескен жұмыс сапарының барысында Ғылым, инновациялар және қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтеді. Кеңес жұмысына Атырау облысының әкімі Ізмұхамбетов Бақтықожа, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың және мұнай-газ компанияларының басшылары қатысады.


Үйлестіру кеңесі мәжілісінің күн тәртібінде еліміздің мұнай-газ саласындағы қазақстандық қамту үлесін арттырудың түйінді мәселелері көтеріледі. Жекелеп алғанда, Кеңес мүшелері және шақырылған сарапшылар мемлекеттік органдар мен «KAZENERGY» Қауымдастығының қызметі мен тәсілдемелерін қарастырады. Сонымен қатар, күн тәртібінде мұнай-газ саласының ірі жобаларындағы жаңа технологиялар мен инновацияларды ынталандыру және мониторингілеу жөнінде сарапшылық топ құру, «KAZENERGY» Қауымдастығының жанында Ғылыми-техникалық кеңес туралы Ережені бекіту мәселелері де бар. Мәжіліс кезінде Үйлестіру кеңесінің 2013 жылға арналған жұмыс жоспары да бекітіледі.
Бұдан басқа, Үйлестіру кеңесі мәжілісінің қорытындысымен мұнай-газ және энергетикалық кешендердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ықпалдасу бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыру мақсатында «KAZENERGY» Қауымдастығы мен Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі арасында ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы, сондай-ақ аталған салаларды өңірде дамыту бойынша өзара іс-қимылды күшейту мақсатында «KAZENERGY» Қауымдастығы  мен Атырау облысының әкімдігі арасында Меморандумдарға қол қойылады.

ҚР Мұнай және газ министрі Мыңбаев Сауат пен «KAZENERGY» Қауымдастығының Төрағасы Құлыбаев Тимурдың Атырау облысына бірлескен жұмыс сапары шеңберінде Атырау мұнай өңдеу зауытына бару жоспарланып отыр. Соңғы жылдары жаңа технологияларды енгізуде, құрылыс және өндірістік және әлеуметтік маңызды жаңа нысандарды іске қосу саласында  мұнда көптеген өзгерістер бар. Қазіргі таңда АМӨЗ-де  хош иісті көмірсутектерді өндіру бойынша жаңа кешен құрылысы қарқынмен жүріп жатыр, құрылыс 2013 жылғы желтоқсанға аяқталуы тиіс. Жоба құны – 1 миллиард 40 миллион АҚШ доллары.

Мұнда жылына 133 мың тонна бензол және 496 мың тонна параксилол шығарылатын болады. Кәсіпорын жобалық қуатына 2013 жылдан кейін шығады. Мұнай химиялық кешенде бензол мен параксилол жылына 1 млн.250 мың тонна полиэтилен және полипропилен өндірісі үшін шикізат болады, ал олар өз кезегінде бір пайдаланатын пакеттер мен қаламдардан автомобильдік және авиациялық өнеркәсіп бұйымдарына дейін - мыңдаған атаулы өнім шығаруға шикізат болып табылады. Бұл өндіріс іске қосылған соң, Қазақстанда жоғары қосымша құнмен өнім шығаратын мұнай химия өндірістерінің бірыңғай тізбегі құрылатын болады.

АМӨЗ-дің тағы бір ірі жобасы – Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы. Оның құны шамамен 1 миллиард 800 миллион АҚШ долларын құрайды. Іске асыру мерзімі – 41 ай. Құрылысты аяқтау 2016 жылдың басына жоспарланып отыр.
Бұл жоба бойынша жабдықтарды сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі -16%, материалдар – 18%, жұмыс (қызмет көрсету) – 35% құрайды.
Аталған кешен жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізатты (мазут, вакуумды газойл) өңдеуге есептелген. МТӨК жоғары октанды жанармайды, авиациялық және дизель отынының өндірісін арттыруға мүмкіндік береді.

Атырау мұнай өңдеу зауытында 2016 жылға «қара алтынды» тереңдетіп өңдеу бойынша кешен құрылысы зауыттың технологиялық ағынын пайдалануға сенімділікті арттырады. Жылына 5,5 млн.тонна мұнайды өңдеу кезінде АМӨЗ жыл сайын 1 млн.745 мың тонна автомобиль жанармайын, 1 млн. 640 мың тонна дизель отынын, 244 мың тонна авиакеросинді шығарады. Мазут шығару 193 мың тоннаға дейін қысқарады. Барлық моторлы жанармайлар Еуро-5 деңгейіне сәйкес болады.
Сонымен қатар, делегация экологиялық қолайсыз Ескене және Байшонас елді мекендерінен көшірілетін мұнайшылардың отбасылары үшін жайлы пәтерлер салынып жатқан «Нұрсая» шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысатын болады. Бұл әлеуметтік жобаға «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 5,4 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлді. Аталған елді мекендерден көшірілетін адамдардың жалпы саны шамамен 2,5 мың адам, олардың арасында зейнеткерлер мен балалар бар. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ тұрғындарға көшіп-қонуы үшін өтеусіз көлік ұсынатын болады. Облыстық әкімдіктің жұмыс жоспары бойынша бірінші тұрғындар осы жылдың соңына дейін көшірілетін болады.

Email: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту