Ақпанның 27-і күні «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Рүстем Жүрсіновтің төрағалығымен Заңнама жөніндегі сараптамалық кеңестің кезекті төртінші отырысы өтті

размер шрифта: Aa | Aa
28.02.2013 23:41

Ақпанның 27-і күні «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Рүстем Жүрсіновтің төрағалығымен Заңнама жөніндегі сараптамалық кеңестің кезекті төртінші отырысы өтті. 

Жиынға «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов қатысып, қауымдастық заң шығару ісіне барынша белсенді ат салысып келе жатқанын ерекше атап өтті. 


Отырыс барысында саланың мезгілі жеткен мәселелері талқыланды:

- Қазақстанның отын-энергетикалық кешенінің 2030 жылға дейінгі даму алғы шарттары;
- Энергетика туралы заңдарды одан әрі жетілдіріп, экология, Қазақстан қойнауындағы кен мен оны игеру ісіне қатысты тұстарды тиянақталды;
- Кен игеру туралы заңға өзгертулер мен түзетулер енгізуге қажетті тұжырымдамаларды әзірленуі керек.

Алқалы жиында «Olympex Advisers» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «KEGOC» акционерлік қоғамы, Шеврон компаниясы мен «Атамекен»ҰЭП» ЗТБ өкілдері баяндама жасап, «Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» заң жөніндегі мәліметтер жария етілді. 

Сондай-ақ отырысқа Қазақстан Республикасы тау-кен кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері мен GRATA заңгерлік фирмасы және т.б. сөз алды. 


KAZENERGY қауымдастығының 
Баспасөз қызметі

Тел: +77172790181, +77759507713

Email: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту