Тимур Құлыбаев «Газпром» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып қайта сайланды

размер шрифта: Aa | Aa
01.07.2013 12:46
«Газпром» ААҚ акционерлерінің жылдық жалпы кеңесінде директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды.

Бұл туралы компанияның ақпарат басқармасы баспасөз қызметінен хабарлады.

Директорлар кеңесінің құрамына 11 адам енді. Оның ішінде «Газпромбанк» ААҚ басқарма төрағасы Андрей Акимов, «Газпром» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі Фарит Газизуллин, Газ экспорттайтын мемлекеттер форумымен өзара әрекеттесу бойынша РФ Президентінің арнайы өкілі Виктор Зубков, «Газпром» ААҚ экономикалық сараптама және бағаның қалыптасуы департаментінің бастығы Елена Карпель, KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев, «Газпром» ААҚ басқарма төрағасының орынбасары Виталий Маркелов, И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Мартынов, РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының ректоры Владимир Мау, «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер, Санкт-Петербор мемлекеттік университеті заң факультеті азаматтық үрдіс кафедрасының меңгерушісі Валерий Мусин, «Газпром» ААҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма аппаратының жетекшісі Михаил Середа бар.

Отырыста Виктор Зубков «Газпром» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ал Алексей Миллер оның орынбасары болып сайланды.

Сондай-ақ, жиында 9 адамнан құрылған ревизиялық комиссияның жаңа құрамы бекітілді.

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту