ІЖӨ өсімі бірінші жартыжылдықта 5,1%-ды құрады - премьер

размер шрифта: Aa | Aa
09.07.2013 14:02

Қазақстан  экономикасы биыл қаңтар-маусым айларында 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,1%-ға өсті, деп үкімет басшысы Серік Ахметов мәлімдеді.

«ІЖӨ жартыжылдық қорытындысы бойынша 105,1%-ды құрады", - деп ол бүгін үкімет отырысында атап көрсетті.
«Инфляция жартыжылдық ішінде 2,7%-құрады. Инфляция айтарлықтай төмен, меніңше мұндай төмен қарқынмен жұмысты жалғастыруымыз қажет. Дегенмен, экономикадағы жағдай әлі күрделі екеніне назар аударғым келеді. Тау-кен өндіру саласы күрделі сала, мұнай-газ саласы да қиын кезеңді бастан кешіруде. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша мұнай және газ министрлігіне біздің ұлттық компаниямен бірлесіп, Қызылода облысының әкіміне Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында мұнай және газ өндірісімен байланысты мәселелер қарастыруға тапсырма бердім», - дейді С.Ахметов.
2013 жылы Ұлттық банк пен үкімет ІЖӨ өсімі 6% деңгейде болады деп болжаған болатын. Экономика өсімі 2012 жылы 5%-ды құрады.
Экономика министрлігі 2013-2017 жылдары Қазақстан ІЖӨ жыл сайын 6-7% деңгейде өседі деп болжам келтірді.

Астана. 9 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту