"ҚазМұнайгазБарлау.Өндіріс" АҚ капиталдық салымдар бойынша 2013 жылға болжамын 17 млрд теңгеге қысқартты, бұрғылауға арналған шығындарын 1 млрд теңгеге арттырады

размер шрифта: Aa | Aa
12.07.2013 18:34

"ҚазМұнайгазБарлау.Өндіріс" АҚ директорлар кеңесі 2013 жылға қатысты компанияның түзетілген бюджетін бекітті.

Қайта бекітілген бюджетке орай 2013 жылға көзделген капиталдық салымдар 168 млрд теңге көлемінде болмақ (1 млрд 121 млн доллар), бұл 2012 жылы желтоқсан айында бекітілген 185 млрд теңгемен салыстырғанда 17 млрд теңгеге төмен, деп хабарлады компаниядан жұмада.
Сонымен қатар жаңалау бағдарламасын жүзеге асыру жоспары 7 млрд теңгеге төмендету мақсатында қайта қаралған (47 млн доллар).
Түзетілген бюджетте "Ембімұнайгаз" АҚ-ның кен орындарында қосымша еңіс бағытталған бес скважина мен бұрғылаушы 6 скважинаны бұрғылауға байланысты эксплуатациялық бұрғылау шығындарын 1 млрд теңгеге (8 млн доллар) арттыру көзделген.

Астана.12 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту